Анахуан , Анагуй, Анахуан (т. ж. б. — 552 ж. ө.) — Жужан қағаны. 5 ғ. бас кезінде Жужан елінің өз ішінде болған қақтығыста бауыры Шоуну өлтірілгеннен кейін қаған болып сайланған (520 ж.). Бірақ өзге бауырларымен қақтығыста жеңіліске ұшырап, аз қолмен барып, солт. Вэй хандығына бағынады. Қытайдың Лоян қ-нда тұрған ол Сүйфан “Цзюнь чоң” (солт. өлкелердің бегі), Жужан патшасы деген атақтарға ие болды. Кейін інілері оны солт-ке қайтып келіп, хан тағына отыруға шақырды (521 ж.). Бірақ Анахуан таққа отырудан бас тартты. Көп ұзамай оның бауырлары да телелерден жеңіліп, Вэй патшалығына барып паналады. Осы тұста Анахуан ел-жұртына қайтып оралып, қағандық билікті өз қолына алды. 6 ғ-дың Орта шенінде Алтай және Тянь-Шань тауларының аралығында бұрыннан жужандарға бағынышты болып келген Ашина түріктері күшейеді. Олар теле тайпаларының 50 мың қолын бағындырып (546 ж.), жужандарға қарсы шықты. Хуайхуанда (Қытайдың Хэбэй өлкесіне қарасты жер) болған шайқаста (552 ж.) А. Бумын қағаннан жеңіліп, өзін-өзі өлтірді.

Датан, Гешенчай хан Датан, Мұқан Гешенчай хан (т.ж.б. – 424) – Жужан қағандығының билеушісі. 414 ж. Булучженьді өлтіріп, Мұқан Гешенчай хан (Жеңімпаз хан) деген атпен таққа отырған.

Хулюй (т. ж. б. — 414) — Жужан қағанатының билеушісі (410 — 414). 410 ж. Дэулань Шелунь хан қайтыс болған соң, билікке келген. Тобалармен бейбіт бітім жасасып, солтүстігіндегі Енисей қырғыздары мен Сібірдегі хэвэй тайпасын өзіне бағындырды. 414 ж. Булучжен ұйымдастырған қастандықта өлтірілді. Осы жылы Булучженді Датан өлтіріп, таққа отырды.