Алтын адам — Алматы облысындағы Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгері. 1969 – 1970 ж. археолог Кемел Ақышев тапқан. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін «аң стилінде» жасалған.
Ең алғашқы жылқыны қазақтардың ата-бабалары қолға үйреткен. Жылқыны алғаш қолға үйретудің жер жүзінде ең басты орталығы Қазақстан болып саналуында. Көкшетау өңіріндегі Ботай қонысынан осыдан 6 мың жыл бұрын үйретілген жылқының 100 мыңнан астам сүйегі табылды.
1643 жылы Салқам Жәңгір хан бастаған 600 жауынгер жоңғарлардың 50 000 әскеріне қарсы Орбұлақта тойтарыс береді. Самарқаннан қазақ қолын бастап барған Жалаңтөс Баһадүр көмекке келіп, жоңғарлар толықтай талқандалады.
1917 жылғы Владимир Ильич Ленин бастаған Қазан төңкерісі адамзат тарихында болған төңкерістердің ішіндегі жұмысшылар табы жеңіске жеткен жалғыз төңкеріс.
Білгенге маржан
Страница: 1
Сообщений 1 страница 1 из 1
Поделиться12014-04-22 15:03:34
Страница: 1