Kladovka

Кладовка

Информация о пользователе

Привет, Гость! Войдите или зарегистрируйтесь.


Вы здесь » Кладовка » Новости » 1986 ЖЫЛҒЫ ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫ


1986 ЖЫЛҒЫ ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫ

Сообщений 1 страница 3 из 3

1

http://pics.kz/i2/11/a0/11a09fad790898292e712246dac84e3a.jpg

http://pics.kz/i3/0d/d3/0dd3c1ca9348285b29e2c5673889264f.jpg

Қазақстанда 1986-шы жылы желтоқсан айында болған жастардың жаппай наразылық шараларын зерттеуге арналған ғалымдар мен қоғамдық ұйым өкілдерінен тұратын арнайы зерттеу тобы құрылатын болды. Бұл туралы желтоқчсанның 1-күні Алматыда өткен «1986-шы жылғы желтоқсан оқиғасы: оның Қазақстанның ұлттық-қоғамдық және демократиялық дамуына әсері» атты қоғамдық ұйымдардың басқосуында мәлім болды. Бұл зерттеу тобы желтоқсан оқиғасына қатысты даулы тақырыптар бойынша құжаттарды жинастырумен, сараптаумен, әлеуметтік зерттеу жүргізумен айналыспақ.
1986-шы жылғы желтоқсан оқиғасы кезінде нақты 19-ының адам қаза болғаны, жүздеген адамның жарақат алғаны мәлім деді, «Желтоқсан жаңғырығы» қоғамдық ұйымының басшысы, бұрынғы полция қызметкері Төлеген Әлжанұлы. Дегенмен, желтоқсан оқиғасы кезінде жапа шеккендерді анықтау ісін әрі қарай жалғастыру керек деп есептейді:

- Мысалы, өткенде де депутат Амалбек Тшан айтып кеткен, қала сыртына шығарылған жүк машиналары жөнінде. Өздеріңізге белгілі, қала сыртында жерленгендер болды деген. Ол рас! Оның трактор жүргізушісін тауып алып келген - мен. Оның айтқаны бар: «ия, 2 жүк машинасы қала сыртына шығарылды. Бірақ, не бар екенін білмеймін. Маған «қазасың» деген, одан кейін «тегістейсің» деген нұсқау болды». Ол осылай түсіндірме жазып берген. Бірақ біз оны тексере алмай қалдық...

Бұрынғы прокуратура қызметкері Дүйсенбек Баймаханов та желтоқсан оқиғасы бойынша 70-тен астам қылмыстық іс қозғалу керек болғанын, бірақ кінәлілердің сол күй жазаланбағанын алға тартады:

- Мен өзім сараптама жасағанымда, өте көп материал болған. 74 адам орта дәрежеде және ауыр жарақат алған. Олардың жартысынан азы – мүгедек болып қалғандар. Ал көгеріп қалған, басынан соққы алғандар – екінің бірі. Оны біз есепке алған жоқпыз.

Қазақстанның демократиялық «Ақ жол» партиясының төрағасы Әлихан Байменов кінәлілерді іздеуден бұрын желтоқсан оқиғасына дұрыс тарихи-саяси баға берілуі керек деген пікірде:

- Желтоқсан көтерілісінің қазақ халқының тарихындағы рөлі жөнінде терең, ғылыми зерттеу керек. Осы күнге дейін қарасаңыз, бір өкініштісі – бүгінгі тарих оқиғасы мен бүгінгі әдебиетімізбен тәрбиеленетін жас желтоқсан көтерілісінің шынайы мәні мен мағынасын түсінбейді. Сондықтан, желтоқсан көтерілісін зерттеу бойынша ғылыми топ құрылып, «Зерде» қоры соны қаржыландыруды қолға алып отыр.

Желтоқсан оқиғасының мән-мағынасын сараптауды қолға алмақшы болып отырған зерттеу тобының жетекшісі болады деп жоспарланып отырған тарихшы ғалым Мәмбет Қойгелді бұл сараптама тобының бірнеше бағыт бойынша жұмыс істейтіндігін айтады:

- Ондағы ең басты жұмыс – желтоқсан оқиғасына қатысты құжаттарды жинастыру. Содан кейін біз қоғамдық санадан қажет әлеуметтік сұраулар алуымыз керек. Көзі тірі желтоқсан оқиғасына қатысушылармен жұмыс істеуге тура келеді. Одан кейін бүгінгі күнге дейін дау тудырып келе жатқан мәселелерге сәуле түсіру үшін іргелі зерттеу жұмыстары жүруі керек деп ойлаймын.

Ал әлі тіркелмеген «Алға» партиясының лидері Асылбек Қожахметов желтоқсан оқиғасын зерттеп, оған қатысты деректерді ашу аз, одан бүгінгі күнге үлгі болатын тұстарын анықтау керек деп есептейді.

- Біз қазір зерттейміз, талдаймыз, көп сөйлеміз. Кейбір фактілерді табамыз. Бірақ, ол не үшін? Шындық үшін. Бірақ, мәселе тек қана шындықта, тек қана зерттеуде емес, мәселе –одан біз өмірге қандай сабақ алатымызда! – дейді А.Қожахметов.

«Желтоқсан» қоғамдық ұйымының мәліметтеріне қарағанда, 1986-шы жылы желтоқсан айында Алматыдағы наразалық шеруіне он мыңнан астам жас қатысқан. Олардың 100-ден астамы кейін әр түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылып, 8 мыңнан астам адам оқу орындары мен жұмыстарынан босатылған. Алайда, бүгінгі күнге дейін желтоқсан оқиғасы не үшін болды, оны кімдер, қалай ұйымдастырды, қанша адам қайтіп жапа шекті деген тәрізді сауалдарға бірізді жауап жоқ.

http://pics.kz/i2/5c/e7/5ce70f51295355defaddb107bc3eec45.jpg

http://pics.kz/i1/09/f6/09f649bdf17928871b7470a1e3c12448.jpg

http://pics.kz/i2/12/76/12760329bf59debc0ddd01d137e8f10d.jpg

http://pics.kz/i3/d4/1a/d41a6c2e7ca4c85b7ee722024e5ad764.jpg

http://pics.kz/i1/d6/00/d600c73b1c33eb64f15d21898c3066d1.jpg

http://pics.kz/i2/58/e1/58e1700b5f4fc8bb317b4e29554f7896.jpg

http://pics.kz/i2/68/29/68298d25788a11eca73bf15371e8691e.jpg

http://pics.kz/i1/ef/46/ef462082c2eeaf1c9a8a01b7fda5fb7a.jpg

http://pics.kz/i2/57/3b/573b34dcdb96e6e71a17bc115457e792.jpg

Қайрат Рысқұлбеков! 1986 жылғы Желтоқсан қаһарманы ол. Арыстан жүректі арыс әуелі ату жазасына кесілді. Кейін шет мемлекеттердің наразылығынан сескеніп, Кеңес соты ату жазасын 20 жылға бас бостандығынан айырумен алмастырды. Сөйтсек, бұл тоталитарлық жүйенің сырт көзді алдарқатқан сайқал саясаты екен. Ақыры олар жарты жылға жеткізбей, Семей түрмесінде қанішер қарақшының арам қолымен Қайраттай есіл ерді өлтіріп тынды. “Сотталған Қайрат Рысқұлбеков түрме камерасында өзін өзі өлтірді” деген мәлімдеме таратты. Неткен аярлық, неткен қитұрқылық!
Сол қайсар Қайрат Алма­ты­ның түрмесінде тергеліп, жалғыз кісілік камерада отырған шағында есебін тауып, түрмедегі қазақтың қыздары мен әйелдеріне бір жапырақ қағазға жас жүрегін жарып шыққан сәлем хат беріп жіберген екен! Бұл жағдай қалай болды? Оның абақтыдан жолдаған аманат хаты бүгінгі күнге қалай жетті? Енді осы сауалдарға жауап берелік.
Сол желтоқсан оқиғасы­ның жүздеген жазықсыз құрбандарының бірі болып алматылық Балта Исаұлы деген азамат та 6 жылға бас бостандығынан айырылыпты.
– Алматы қаласындағы Сейфуллин мен Райымбек даң­ғылдарының қиылысын­дағы түрмеде шаруашылық жұмыстарына қалдырылдым. Міндетім – күн сайын еден жуу, камерада отырған адамдарға түрме быламығын тасу, – деп еске алыпты ол жазасын өтеп шыққаннан кейін. – Түрменің астыңғы қабатындағы бір кісілік жеке камераларда ату жазасына кесілгендер үкім жоғары жақтан бекітілгенше немесе жазаның басқа түріне ауыстырыл­ғанша отырады екен. Мен Қайрат бауырым­ды осы қорқынышты камералардың бірінен көрдім.
Оқиға былай болған. 1988 жылдың наурыз айының басында түрме әкімшілігі Балта Исаұлын астыңғы қабаттағы бір адам­дық камерада отырғандарға тамақ тасуға, сол қабаттың ұзын дәлізінің еденін жууға ауыстырады. “Жасы келіп қалған адам ғой, камерада отырғандармен байланыс жасай қоймас”, деп ойлаған болса керек. Бір күні Қайраттың камерасындағы темір есіктің кішкентай ғана тесігінен түрменің быламық көжесін ұсына берген Балта ағасының қо­лына есіл ер қарауыл солдаттарға байқат­пай шиыршықталған қағазды қыстырып жіберіпті.
– Аға! – деп қалған дауысын естиді ол Қайраттың. Бірақ, қарауыл солдат алақандай тесікті жедел жауып тастап, оның әрі қарай сөйлеуіне мүмкіндік бермепті.
– Қайраттың алақаныма қыстырып жіберген қағазын қапысын тауып, ешкімге сездірместен түрме асханасының ыдыс-аяқ жуатын кішкене қуысына алып келдім. Ашып қарасам, жазушы Ілияс Есенбер­линнің “Қаһар” кітабының соңғы парағын жыр­тып алып, соған жазған екен. Қайрат бұл хатын түрмеде отырған қазақтың қыз-келіншектеріне арнапты. Өйткені, дәл сол күні 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні еді.
Түрмеде желтоқсан оқиғасына байла­нысты айыпталған қазақтың көптеген қыз­дары мен келіншектері де қамауда жатқан болатын. Бірақ, олар басқа корпус ғима­ратында еді. Онда да шаруашылық жұмыс­тарына қалдырылған сотталған әйелдер бар. Сол себепті бұл ғимаратқа бөгде еркек адам­ның жақындауы, біреудің сәлем-сауқатын беріп жіберуі әсте мүмкін емес болатын. Мен де сол себептен Қайраттың осы сәлем хатын түрмедегі қазақтың қыз-келін­шектеріне жеткізіп бере алмадым. Бірақ оны бойтұмарымдай аман сақтап, бостандыққа өзіммен бірге ала шықтым, – деп еске алады кейін Балта Исаұлы.
Бұл ағамыз үлкен азаматтық жасаған! Қайраттың сәлем хатын кезінде түрмедегі қыз-келіншектерге жеткізіп бере алмағанымен, оны көзінің қарашығындай сақтап, бүгінгі күнге жеткізгені үлкен ерлік емес пе?
Желтоқсанның сол бір даңқты күндерінде алаңға атойлап шыққан жастардың жар­тысынан астамы қазақтың қыз-келіншектері болғанын бүгінде зерттеушілер айтып жүр. Әрине, Қай­рат­тың бұл құттық­тау хаты тар қа­паста тарыққан сол қаракөз қыз-келіншектерге дер кезінде жетсе, олардың құлазыған көңіл-күйлері бір сәтке болса да көтеріліп қалатындары анық еді. Бірақ, онда бұл хат бүгінгі күнге жетер ме еді, жетпес пе еді? Жеткен күннің өзінде осы хатты оқыған қыз-келіншектердің қайсыбіреулері:
– Сол қиын-қыстау шақта ату жазасына кесілген қазақтың бір жігітінен көңілімізді көтерген хат алып едік, – деп орталарында анда-санда ғана бір еске алар. Ал Қайрат боз­дақтың сол хатын тайға басқан таңбадай етіп, жарқырата алдымызға тартқан Балта Исаұлына бүгінгі және келешек ұрпақ қарыздар.
Енді елім деп еңіреп өткен есіл ердің түрмеден жолдаған сәлем хатына назар аударалық. Онда кітап парағының таза жағына маржандай жазуларымен қиғаштай жазып, Қайрат бауырымыз былай депті:
Құрметті қаракөз қарындастар мен жылы жүзді жеңгейлер!
Шын жүрек, ақ көңіліммен алғашқы көк­темнің күлімдеген мерекесі 8 март – Ха­лықаралық әйелдер күнімен құттық­таймын!
Қамқоршы қайын және ағаларың,
Жәрдем берер жағаларың.
Қыздар үшін тар қапасқа,
Келіп түскен тұлпарларың.
Қайрат Рысқұлбеков Ноғайбайұлы.
13.03.1986 ж.
ст.60, 65, 173-1
срок – ату жазасы
08.03.1988 ж.
Бывший ст-т ААСИ г.А-Ата.
Сын Моюнкума Джамб. обл.
Осылай деген де, астына әдемілеп тұрып қо­лын қойған. Міне, Қайрат ердің қапас түр­ме­ден қазақ қыздарына жолдаған сәлем хаты осы!
Ол осы хатын асығып жазғаны көзге бір­ден-ақ байқалып тұр. Көңіліндегі аппақ тілегін тар қапастың ішінде аласұрып, кітаптан жыр­тып алынған ақ парақ бетіне түсіріп отырған сәтінде сөздердің ретін сәл шатастырып алған.
60, 65, 173-1 дегендері – Қайрат батырдың мойнына кеңестік соттың іліп қойған кодекс баптары. “Срок – ату жазасы” дегеніне қарағанда, бұл кезде соттың үкімі шығарылып та қойған сияқты. Алайда, аталған жаза 20 жылға бас еркінен айыруға айырбасталғанынан ол әлі хабарсыз екен. Әлде сол уақытқа  дейін мұны Қайратқа жасырып айтпай келген бе?
“Бывший ст-т ААСИ” дегені – өзі­нің темір торға түс­кенге дейін Алматы сәулет-құрылыс институтының сту­денті болғанын айт­қаны.  “Сын Моюн­кума” деп жазғаны – кіндік қаны тамған туған жері Жамбыл облысының Мойын­құм ауданының пер­зенті екендігін айт­қандағысы ғой.
Неткен биік рух! Қандай қайтпас қай­сарлық!
Өзі ату жазасына кесілген, үкімнің қашан орындаларын әр сәт сайын беймаза көңілмен күтіп жүр­ген боздақ Қайрат тар қапаста тұншы­ғып отырса да тас қа­бырғаның ішінде жа­бырқап жатқан “қа­ра­көз қарындастары мен жылы жүзді жеңгейлерін” ойлап, бір-екі ауыз жылы сөзімен болса да солардың көңілін көтеруді ойлапты-ау сабаз!
Ойлап қара­ңыз­шы, сол кезде Қай­рат боздақ небәрі 22 жаста ғана екен. Сөздің шындығы керек, ердің ерінің ғана қолынан келетін тірлік қой бұл деге­ніңіз.
Неге дейсіз ғой? Өзі жалғыз кісілік камерада отырған болатын. Өзі ату жазасына кесілген! Сол үкімнің қашан орындаларын күтіп, есіктің әрбір сықырынан секем алып отырған еді ғой сабазың. Артында қалың елі, әлпештеп өсірген әкесі мен шешесі, аяулы бауырлары қалып бара жатқан болатын.
Сөйтіп отырып, қаракөз қарындастарына қанатымен су сепкен қарлығаш құс секілді бір ауыз жылы сөзімен дем беруді ойлаған батыр боздақ-ай! Неткен қайтпас қайсар едің! Жүрегің неткен үлкен еді!
Сен жалғыз ғана Мойынқұмның ұлы емес, барша қазақтың ардақты батыр перзентісің, Қайрат бауырым! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні – сенің тойың!
Өлген жоқсың, ер Қайрат!
Өзіңнің қыран рухың туған еліңнің көгінде қалықтап жүр. Ол халқыңмен бірге мәңгі жасай береді!
…Қайрат батырдың тар қапаста жатып, қазақтың қанаттары қайырылған қаракөз қыз-келіншектеріне жолдаған сәлем хатын жазушы Ілияс Есенберлиннің “Қаһар” романының соңғы парағына жазуының өзінде ғажап бір символикалық сыр бар сияқты көрінеді маған.
Қазақ халқының даңқты хандары мен біртуар батырларының, аузымен құс тістеген кемеңгер билерінің ерлік шежіресі іспетті осы тамаша тарихи романның соңғы парағына түрмеде жазылған үшбу хат  айбынды бабалар жолын жалғаған Қайрат Рысқұлбеков сияқты бүгінгі қазақ жастарының да ерлік эпопеясының басы десек, асыра айтқандық болмас…

0

2

Еееппп

0

3

http://cs406419.userapi.com/v406419554/753/szjLCa7bhuY.jpg

0

Быстрый ответ

Напишите ваше сообщение и нажмите «Отправить»


заказать баннерную рекламу


Вы здесь » Кладовка » Новости » 1986 ЖЫЛҒЫ ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫ


Добро пожаловать на наш форум!!

Создай свой чат!

audio