Kladovka

Кладовка

Информация о пользователе

Привет, Гость! Войдите или зарегистрируйтесь.


Вы здесь » Кладовка » Учеба/Сабақ » Биология


Биология

Сообщений 1 страница 2 из 2

1

Қоға

Қоға (Typha) – дара жарнақтылардың қоға тәрізділер тұқымдасына жататын өсімдік. Қазақстанның Тобыл, Есіл, Ертіс, Зайсан, Балқаш, Алакөл, т.б. өзен-көлдердің жағалауларында және Қызылорда, Ақтөбе облыстарында кездесетін 7 түрі бар. Соның ішінде Қызылорда облысының Сырдария өзенімен Шиелі ауданынан басталып Қызылорда қаласының батысына қарай қоға және жіңішке жапырақты қоға көп кездеседі. Биіктігі 3 – 4 м, сабағы ұзын және жуан төселмелі, батпақты-сулы жерлерде өседі. Жапырағы жалпақ, таспа пішінді, сабағынан ұзын болып келеді. Бір үйлі, гүлі ұсақ дара жынысты, желмен тозаңданады. Гүл шоғы – собық. Маусым-тамыз айларында жемістенеді. Жемісі жаңғақша, ұшуға бейімделген қанатшасы болады. Қоғаны арқан, жіп, ыдыстар жасау және құрылыс материалы ретінде пайдаланады. Тамырында крахмалы көп болғандықтан ондатра, құндыз, жұпар тышқан, т.б. үшін құнды азық

Таңқурай

Таңқурай - раушангүлділер тұқымдасының бір түрі. Биіктігі 1—3 м, сабағы тікенді, жапырағы қалың, атпа тамырлы, көп жылдық шала бұта. Жемісі сүйекті, түсі қызыл, сары. Жемісінің құрамында қант, пентон, органикалық қышқылдар, С, А, В витаминдері, хош иісті заттар бар. Жемісін жеуге және тосап, шырынсу, шырын, шарап, т.б. дайындауға пайдаланады

Итошаған

Итошаған (Bіdens) – күрделігүлділер тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда өзен мен көлдердің жағалауында, сондай-ақ, саз, құм топырақты далада және суармалы жерлерде өсетін имек итошаған (B. cernua), үштармақты итошаған (B. trіpartіta), сәулелі итошаған (B. radіata) деген түрлері бар. Бұлардың биіктігі 10 – 60 см. Тік сабағының жоғасыр бөлігі бұтақталып кетеді. Қауырсын тәрізді сүйірленген жапырақтары қарама-қарсы орналасады. Көп гүлді себет гүлшоғырының сыртын екі қатар орам жапырақшалары қоршап тұрады. Оның сыртқысы – жасыл, ал ішкі қабаты – жарғақ тәрізді, қара-жасыл жолақты сары түсті болады. Гүлдері қос жынысты, шеткі тілімденген гүлдері – жыныссыз келеді. Шілде – тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Тұқымшажемісінің бүйірі қысыңқы, төрт қырлы, төбесінде 2 – 4 қылтанағы бар. Итошаған – дәрілік өсімдік, халық медицинасында кеңінен қолданылады. Ол тәбет ашып, ас қорытуды жақсартады, тері ауруы кезінде зат алмасуды қалыпқа келтіреді. Қан кетуді тоқтатып, жүйке жүйесін тыныштандырады. Үштармақты итошағанның жапырағы мен гүлін қайнатып, балалар шірінше (золотуха) ауруымен ауырғанда ішкізеді. Сондай-ақ жібекті, жүнді сары, ашық жасыл және қоңыр түске бояу үшін қолданылады.

Жауқазын

ЖАУҚАЗЫН– лалагүлдер тұқымдасына жататын шөптесін өсімдіктің ерте көктемде пісетін ақ түйнекті баданасы; қ. Лалагүл тұқымдасы.

0

2

Бүркеніш (жасырушы) рең

1. Бүркеніш (жасырушы) рең және оның түрлері. Бүркеніш рең — жауы тез байқайтын ашық жерде тіршілік ететін организмдердің жауынан қорғануы үшін қажет болып табылатын бейімделушілік. Жерге ұя салып балапан басатын (шіл, құр, бөдене, сайрауық, т.б.) құстардың реңі мекен ететін орта жағдайына ұқсас. Сондықтан олар жұмыртқа басып ұясында козғалмай жатқан кезде жауына байқалмайды. Тіпті жүмыртқаларының қабығындағы (сыртындағы) секпілді дақтары да, жұмыртқаны жарып шыққан балапандарының түсі де тіршілік ететін орта жағдайына ұқсас болып келеді. Ұяларына ешкім бара алмайтын өте биік құз жартастарға ұя салатын ірі жыртқыш құстар мен жұмыртқаларын жерге көметін құстардың жұмыртқа қабығында теңбіл дақтар болмайды. Көбелектердің жапырақтағы жұлдызқұрттары жапырақтың түсіндей жасыл, қабықтағылары сұрғылт-қоңыр (қабық түсіне ұқсас) болады. Шөлде тіршілік ететін жануарлардың сыртқы түсі құмға ұқсас сарғыш болып келеді. Біркелкі бүркеніш рең жәндіктерге (көк қасқа шегіртке), кесірткелерге, акбөкендерге, арыстандарға да тән.

Жыл маусымының өзгеруіне байланысты жануарлардың түгінің түсі де өзгереді. Мысалы, ақ түлкі, ақкіс, аққоян, ақ шіл — қыста ақ түсті (қардың түсіндей) болады.
Күндіз ұшатын көбелектердің бүркеніш реңі қанаттарының астыңғы жағында (қанат асты түрлі түсті) болғандықтан қонғанда қанаттары жайылмай бір-біріне беттесіп жиналып тұрады. Ал түн көбелектерінің бүркеніш реңі қанаттарының үстіңгі жағында, сондықтан олар қонғанда қанаттары жазылып тұрады.

Құбылғы(Хамелеон) (Бүркеніш (жасырушы) рең)
Бүркеніш реңі қанаттарының астыңғы жағында болмағандықтан жауына байқалып қалады (қанаттарының астыңғы жағы бірыңғай акшыл реңді).
Бүркеніш рең жәндіктердің дене пішінінен де байқалады. Мысалы, көбелектің бүтаққа жабысып тұрған қуыршағы бүршікке ұқсаса, дернәсілдері бұтаққа жабысып оқтай түзу болып қозғалмай тұрғанда бұтақтан аумайды. Бүркеніш рең, әсіресе организмнің жеке дамуының алғашкы (бастапқы) сатысында (жұмыртқа, дернәсіл, балапан) және өте баяу козғалатын немесе колайсыз жағдайда тыныштық қалыпқа көшкен жануарлар үшін өте қажет. Ал оқпан құс қамыстың арасына ұя жасайды, абайсызда жакындаған жауын байқап қалса дереу мойнын созып қозғалмай қалады. Басқа орта жағдайына бейімделу үшін жануарлардың тез арада реңдерін өзгерте қою құбылысы тұқым куалайды. Мысалы, құбылғы, камбала, ешкіемер, т.б.

Сақтандырушы рең

2. Сақтандырушы рең. Бұл рең улы, шағатын, күйдіретін жәндіктерде айқын байкалады. Олардың реңдері бірден көзге түсетін, есте сақталып қалатындай өте ашық, түрлі түсті айқын бояулы болып келеді. Мысалы, ханқыз қоңызы (қызыл, сары, коңыр, күрең қызыл, айкын жолақты, т.б.) улы, ащы, сары түсті күйдіргіш сұйықтық бөлетіндіктен оған құстар еш уақытта жоламайды.

Қосаяқ (Қызықтырушы рең)
Бал ара, түкті ара, жабайы аралар, улы жыландардың реңдері — оларды жыртқыш жануарлардан сақтайды. Сақтандырушы рең кейбір жәндіктер мен жануарлардың мінез-қылығынан да айқын байқалады. Мысалы, жорғалап бара жатқан қоңыздарға тиіп калсаң дереу өлгендей болып, біраз уакыт козғалмай қалады.

Қызықтырушы рең

3. Қызықтырушы рең. Бұл рең, әсіресе жануарларға көбейер кезде пайдалы болады. Мысалы, қызыл орденді көбелектер, көгілдір қанатты шегірткелер, қосаяқтар, құстардың қораздарының өте әдемі реңдері өз дараларына көбею кезінде айқын көрінеді. Жайшылықта олардың реңдері тіршілік еткен орта жағдайына ұқсас болып жауына байқалмайды.

Қауіп төндіруші рең

4. Қауіп төндіруші рең. Кейбір жануарлар қауіп төнген кезде жауынан қорғану үшін айбар шегіп денесін әр түрлі пішінге келтіре алады. Мысалы: кең алқымды жылан кауіп төнсе басын тік ұстап, алкымын жалпайтып, кеңейтіп айбар шегеді. Ал түкті бүйі алдыңғы аяқтарын көтеріп құрсағымен жер тірейді. Қарақоңыз тиіп кетсең басын жерге тіреп құрсағын көтеріп дереу жағымсыз иіс шығарады. Құлақты кесіртке басының екі жағындағы әшейінде жиналып тұратын тері қатпарларын жазып жіберіп аузын ашып тұра калады. Дәуіттің канатында көзге ұксаған екі дақтары бар, ол тек қанатын жазғанда ғана көрінеді, қауіп төнсе қанатын жазып жауын үркітеді.

Еліктеуші рең

5. Еліктеуші рең (мимикрия грекше "mimikos" — еліктегіш). Бұл рең өсімдіктер мен жануарларда табиғаттың белгілі бір өлі және тірі заттарына еліктеуінен байқалады. Өздігінен қорғана алмайтын организмдердің бүркеніш реңдері бір немесе бірнеше түрлерге ұқсас болып келеді. Мысалы: тарақанның дене пішіні, мөлшері, ашық реңі ханқызы коңызынан аумайды; теңіз атбас балығы мен ине балықтың дене пішіндерінің балдырға ұқсауы; гүл шыбынының жабайы араға ұқсауы; усыз жыландардың улы жыландарға ұқсауы, т.б. еліктеуіш реңдер жауынан сақтанып, тірі қалуына мүмкіндік береді.

0


Вы здесь » Кладовка » Учеба/Сабақ » Биология


Добро пожаловать на наш форум!!

Создай свой чат!

audio