Ғалымдар үйіндегі мұражай: «Латын графикасындағы қазақ кітаптары» көрмесі
Көпшілік назарына ұсынылып отырған басты көрме — «Латын графикасындағы қазақ кітаптары» көрмесі. Мұнда өткен ғасыр, яғни 1920 жылдары, Кеңес үкіметінің құрамына қосылғандағы еліміздің жазба мәдениетінің қай бағытта даму қажеттігін көрсететін үлкен басқосудың нәтижесі көрінеді. 1926 жылы Әзірбайжан, Баку қаласындағы үлкен түркологтар съезінде еліміздің жазба мәдениеті латын графикасына өткен. Ғалымдар түрлі пікірлер айтқанымен, Орталықтың саяси шешімі Қазақстан Орталық Азияның дәл ортасында тұрғандықтан, оның графикасы не шығыстық емес, не ресейлік емес, батыстық болсын деп шешіпті.
Сол жылдары жазылған негізгі еңбектер:
«Қазақстан» көркем очерктер жинағы
Абай еңбектері
Жамбыл Жабаевтың туындылары: «Сұраншы батыр», 1916 жылға арналған еңбек
«Қазақ Совет фольклоры»
«Батырлар жыры»
«Амангелді батыр»
Көптеген қонақтардың қызығушылығын оятататын Қазақ Советтік Социалистік Республикасының 1936 жылғы ең алғаш рет қабылданған конституциясы
Ғ.Сланов. «Арман ағысы». Алматы, 1940 ж.
«Жұмбақтар». Құрастырған С.Аманжолов. Алма-ата, 1940 ж.
А.С.Пушкиннің еңбектері (аударғандар: Ә. Cүлейменов, Т.Тоқұзақов, Т.Жароков).
Қазіргі таңда елімізде қайтадан осы латын әліпбиіне көшу мәселесі алға қойылып отыр. Осыған орай Елбасының 2006 жылғы «Қазақстан халықтары ассамблеясында» сөйлеген сөзі де көрмеде көрініс тапқан.