Песня Рахат Турлыханов-Асыл Әжем (можно место "Әжем" сказать "Апай")

Асыл апай менің асқарлы белім
Сөздеріңді сенің құлағыма құйып келем
Асыл апай әнім ақылың дара
Салған жолың сара сол жолыңмен жүріп келем
Көбелектей гүлден гүл аңсаған
Бақытымды бірден бір аңсаған, апай
Балғын бала сезім арналады бұл әнім саған

Қайырмасы:
Асыл апай сәл көрмесем сағынамын
Асыл апай шырағың боп жағыламын
Жетелеген арманға сенен ыстық жан бар ма

Асыл апай панам ойлан деп балам
Оянсын деп санам ақылыңды айта бердің
Небір қызық қымбат ертегі, жұмбақ
Тарихымды тыңдап мен өмірге қайта келдім
Батыр екен өткен бабаларым
Сенің де бакытты балаларың, апай
Балғын бала сезім арналады саған бұл әнім

Қайырмасы:
Асыл апай сәл көрмесем сағынамын
Асыл апай шырағың боп жағыламын
Жетелеген арманға сенен ыстық жан бар ма - 3 рет