Скачать

ТАС ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН

• Ежелгі адамдардың еңбек құралы – үшкір тас.
• Африкадағы адам – Епті адам (1 млн. 700 мың).
• Алғашқы адам – питекантроп (епті адам).
• Бұдан 500-200 мың жыл бұрын питекантроптан кейінгі адам – синантроп.
• Питекантроп пен синантроп – «тік жүруші адам».
• Бұдан 100-40 мың жыл бұрын өмір сүрген адам – неандертальдық.
• Неандертальдық Германиядан, Ташкенттегі Тесіктастан табылды.
• Бұдан 40-35 мың жыл бұрын өмір сүрген адам – саналы адам.
• Палеолит кезеңі: 2 млн. 500 мың-12 мың.
• Мезолит кезеңі:  12-5 мың.
• Неолит кезеңі: 5-3 мың.
• Ежелгі адам ұйымы – тобыр.
• Сүйектен ине мен біз жасаған.
• Екі жағынан да өңделген қарапайым шапқыш тас құрал – бифас.
• Палеолит дәуіріне жататын Жамбыл облысында табылған 5000 мың палеолит құралдары – қашау мен үшкір заттар.
• Ерте тас ғасырының ең көне тұрақтары: Шақпақ ата, Арыстанды.
• Өңделген тас құралдың жүзін ойықтар жасау арқылы өткірлеу – ретушь әдісі.
• Жамбыл облысында 5000 мыңға жуық құралдар табылған тұрақтар: Бөріқазған, Шабақты.
• Краманьондық адам – саналы адам.
• Орталық Қазақстандағы палеолит тұрағы – Семізбұғы.
• Орталық Қазақстанда палеолитке жататын көне тұрақ – Батпақ (300 тас құрал табылған).

ҚОЛА ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН
• Тұрмыста тұңғыш пайдаланылған металл – мыс.
• Қола мыс пен қолайының қосындысынан алынады.
• Сәтбаев Жезқазғаннан 1 млн тонна кен өндірілді деп есептеді.
• Шығыс Қазақстанда Нарын мен Қалба кен орнында 110 тонна қалайы шығарылған.
• Кенді қорыту үшін құрылысы өте күрделі қазандықтар салынды.
• Қола дәуірі б.з.б  2800-900 жж аралығын қамтиды.
• Тастан және металдан жасалған еңбек құралдарын қоладан жасаған бұйымдар біртіндеп ығыстырды.
• Еуразия даласындағы қола дәуірінің ескерткіштері Андрон мәдениеті деп аталады.
• Андронов селосы Ачинск қаласының маңында орналасқан.
• Ғалымдар солт. және бат. Қазақстаннан Андрон мәдениетінің 80 қонысын зерттеді.
• Қола дәуіріндегі ежелгі қалалардың бірі-Қостанай мен Чемябі облысының шекарасында орналасқан – Арқйым.
• Ғалымдар Орталық Қазақстан аумағынан қола дәуірінің 30 қоныс пен 150 оба зерттеген.
• Андрондықтар еуропойдтық нәсілге жатады.
• Андрондықтардың сыртқы бет-бейнесін зерттеген-Алексеев.
• Андрондықтардың егіншілігі-теселі егіншілік.
• Қола дәуірінде ыдыс жасаудың ең дамыған түрі-көзе құмыралар.
• Андрондықтар жерлеу дәстүрінде мәйіттің басын батысқа н/е оңт батысқа қаратқан.
• Андрондықтардың тасқа салынған жабайы бұқаның, түйенің суреттері Таңбалы, Жасыбай, Хантау жерінен табылды.
• Андрондықтар сүт, ет өнімдерін шұңқыр қазып сақтаған.
• Орт. Қазақстандағы соңғы кезеңді Беғазы-Дәндібай мәдениеті деп аталады.
• Беғазы-Дәндібай мәдениетінің кезеңі: б.з.б 12-8.
• Қола дәуірінде тебінді жайылымға байланысты қой мен жылқының саны артты.
• Бғазы-Дәндібай мәдениетіне жататын жерлеу орындарының басым көпшілігі – обалар.
• Қола дәуірін 1946 жылдан бастап зерттеген - Ә.Марғұлан.
• Қола дәуірінің қоныстары өзендердің жағалауында орналасты.
• Көкшетаудағы Шағалалы қонысынан шалғы табылды.
• Қола дәуірінде жеке меншік юолды.
• Мал-мүлік теңсіздігінің шығуы әлеуметтік теңсіздікті тудырды.
• Қола дәуірінде діни наным-сенімдердің қалыптасуына байланысты дінбасылар – абыздар пайда болды.
• Қола дәуірінде салт-дәстүрдің, ғұрыптардың орындалуын қадағалаған – абыздар.
• Андрондықтар жыртқыш аңдардың тісін тізіп, мойындарына тұмарша таққан.

ТЕМІР ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН
• Темір дәуірі б.з.б VIIIғ –б.зVIғ қамтиды.
• Ерте темір дәуірі б.з.б VIII –IIIғ.
• Кейінгі темір дәуірі б.з.б III-б.зVIғ.
• Көшпелі мал шаруашылығының дамуына байланысты металл ауыздық пен үзеңгі пайда болды.
• Көшпелілер өздері өнім өндірді.
• Жылқы тебіндеп жайылды.
• Көшпелілердің ежелгі мерекесі –Наурыз мейрамы.
• Наурыз мейрамы бұдан 300 мың жыл бұрын пайда болды.
• Таза көшпелі мал шаруашылығы Батыс ж/е Орталық Қазақстанда қалыптасты.
• Жартылай көшпелі мал шаруашылығы Алтай мен Жетісуды таулы аймақтарында дамыды.
• Отырықшы шаруашылық Шу, Келес, Сырдария өзендерінің бойында орналасты.
• Киіз үйдің қабырғасы қаңқадан құралды.
• Киіз үйдің ағаш қаңқасы 3 бөліктен тұрады.
• Кез келген баспананың ортасында пеш орнатылған.
• Көшпелілер ошақты киелі санаған.

                                                САҚТАР

• Сақтар туралы мәліметтерді парсы ж/е грек авторларының шығармаларында береді.
• Гректер сақтарды  “дұшпанға қатал, досқа адал” деп санаған.
• Сақ сөзінің мағынасы парсы жазбаларында құдіретті еркектер, иран жазбаларында жүйрік атты турлар, гректерде азия скифтері деп түсіндіріледі.
• Грек тарихшысы Геродот сақтарды массагет деп атайды.
• Грек деректерінде көшпелілердің тағы бір атауы- дайлар.
• Грек авторы Ктесий “Сақ әйелдері ержүрек келеді.Соғыс қаупі төнгенде ұрысқа,шайқасқа араласады
• Сақ тиграухадалар (шошақ бөріктілер) Жетісу, Сырдария өзенінің бойын мекендеген. Оңтүстік Қазақстан.
• Сақ парадарайалар (теңіздің арғы жағындағылар)  Арал теңізінің солтүстік-шығысын мекендеген.
• Сақ хаомаваргалар Мургап аңғарын мекендеген.
• Сақтардың қоғамдық құрылысы - әскери демократия.
• Тайпалар мен рулар арасындағы дауларды шешкен бас қолбасшы болған – тайпа көсемі.
• Сақ қоғамы жауынгерлер, абыздар, малшылар мен егіншілер (қауым мүшелері) деп 3-ке бөлінді.
• Жауынгерлерді «арбада тұрғандар» деп атаған.
• Абыздардың белгісі – тостаған мен бас киім.
• Малшылар мен егіншілерді «сегізаяқты» деп атаған.
• Сақ жауынгерлерінің киімі – қызыл, сары қызыл.
• Абыздардың киімі –Ақ.
• Малшылар мен егіншілердің – Сары,Көк.
• Сақтардың патшасы – Томирис.
• Сақтарды аса құрметтеп, әлемдегі ең әділ, ең шыншыл деп есептегн –Гректер.
• Грек геграфы Страбонның айтуынша Сақтар садақ пен қылышпен, қола балталармен қаруланған.
• Геродот сақтар туралы /Киімі мен өмір сүру дағдысы скифтерге ұқсас/деп жазды.
• Гердоттың айтуынша /Сақтар қыс кезінде ағаштан жасаған үйлерде тұрды/.
• Шірік –Рабат-б.з.б IV-б.з XIIғ жататын ежелгі қалашық.
• Ертеде темір қарапайым тәсілмен пеш- көрікпен өндірілген.
• Страбон сақтар туралы /Олар құдай деп күнді есептейді ж/е жылқыны құрбандыққа шалады./
• Б.з.б 530 жыл сақ жерінде Кир бастған парсы әскері басып кірді.
• Томирис туралы /Әйел де болса, жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ/.-деп жазды рим тарихшысы Помпей Торг.
• Геродот: /Шайқаста парсы жауынгерлері қырылып, Кир өлтірілді/-деп жазды.
• Б.з.б 519 жылы сақтарға парсылардың шабулын Дарии басқарды.
• Грек тарихшысы Полиэн Шырақтың ерлігі туралы жазды.
• Б.з.б 490 жылы Марафон шайқасында сақтар парсылармен одақтасып, гректерге қарсы соғысты.
• Томирис патша Б.з.б 570-520 ж.
• Грек тарихшысы Арииан А. Македонскийдің сақтарға шабуылы туралы жазды.
• Македонскийге қарсы шайқаста сақтарды Спитамен басқарды .
• Б.з.б VII ғасырдан бастап далалы аймақтарда аңдық сала пайда болды
• Аң стилі дәстүрімен сақтар алдыңғы Азия мен Иран жағасынан жорықтарында танысты.
• Бұл жерден сақтарға /Өмір ағашы / дейтін арыстан бейнесі тарады.
• Бесшатыр қорымы Іле өзенінің бойындағы Желшалғыр тауының етегінде орналасқан.
• Бесшатыр қорымы Б.з.б V-IV ғ жатады.
• Есік обасынан табылған бұйымдардың саны – 4000-нан астам.
• 26 таңбадан тұратын күміс табанының жазуын Ақышев /Сақтардың өзінің жазуы болған/ дейді.
• Сақтар бөренелерді бір-біріне тығыз орналастырып, саркофаг табын жасаған.
• Оба іргесінен сағанаға дейін жер астымен келетін арба жол дромос жасалды.
• Сол Қаз/дағы сақ заманының ескерткіштері Бірлік, Алыпқаш
• Сол Қаз/ғы сақ дәуірің ерте кезеңге жататын қоныстар Бөркі, Кеңөткей

                            ҮЙСІНДЕР                   
• Б.з.б III – Б.з IV аралығында өмір сүрген.
• Мекендеген жері – Жетісу.
• Үйсін атауы Қытай жазбаларында Б.з.б II ғ бастап кездеседі.
• Қытай жазбаларында /үйсіндер ат жақты, ақ құбаша, сары шашты /деп бейнелейді.
• Үйсіндердің ордасы – Қызылаңғар қаласы.
• Қытай тарихшысы Сыма –Иянь үйсіндердің шығу тарихы туралы мәлімет қалдырған.
• Үйсіндер Қытаймен саяси –сауда қатынасын жасаған.
• Үйсіндер солтүстік батысында қаңлымен көрші тұрған.
• Үйсін халқы 630мың адамнан тұрады.
• Үйсін басшысы Гуньмо деп аталады.
• Гуньмоға бек деп аталатын тайпа көсемдері мен ру басшылары бағынған.
• Қарапайым адамдар балшық және тас мөрлерді қолданған.
• Дәулетті адамдардың киімдері жібектен тігілді.
• Үйсіндерде жеке меншік, мүлік теңсіздігі болғандығын жерлеген зираттары дәлелдейді.
• Үйсін гуньмосының Қытай патшайымына үйлену оқиғасы б.з.б. 107 жылы болған.
• Үйсіндерде егіншілік болғанына Ақтас қонысы дәлел.
• Үйсін қолөнершілері сұйық тағамға арналған ыдыстарды былғарыдан (теріден) жасаған.
• Жетісу үйсіндері мәйітті басын батысқа қаратып, шалқасынан жатқызған.
• Ертедегі үйсіндер жаратушы күшке сенген.
• Үйсіндерді қыш заттары мен ыдыстарына күннің суреті салынған.

ҚАҢЛЫЛАР
• Б.з.б ІІІ-ІІ ғ – б.з. V ғ.  аралығында өмір сүрген.
• Иранның Авеста кітабында «Весаканың ержүрек ұлдары» деп қаңлылар туралы жазады.
• Қытайдың «Цянь-Ханьшу» дерегінде қаңлылардың қайда болу тарихы туралы жазады.
• Б.з.б 46-36ж қаңлылар қытайлықтарға қарсы күресіп, ғұндарға көмектеседі.
• Қаңлылар 600 мың адамнан тұрады.
• Астанасы – Битьян. Билеушісі – хан.
• Ханның үш орынбасары – уәзірі болған.
• Қаңлы елі 5 иелікке бөлінеді.
• Әр иелікті кіші хандар басқарған.
• Қаңлылардың Қауыншы мәдениеті Ташкент аймағында.
• Отырар-Қаратау мәдениеті Сырдарияның Қаратау беткейінде Талас өзеніне дейін созылып жатыр.
• Жетіасар мәдениеті Қуаңдария мен Жаңадария аумағында орналасқан.
• Қаңлылардың Арыс өзенінің жағасында Көк-Мардан қала орталығы болған.
• Пұшық – Мардан қаласының маңында қаңлылардың Қостөбе қонысы зерттелді.
• Металл өндірісінің орталығы – Шаш-Илақ аймағы.
• Шыршық өзенінің оң жағалауында ұзындығы 20 шақырым Зах каналы қазылды.
• Дәнді және бау-бақша дақылдары Сырдария аңғарында өсірілді.
• Қаңлылар жерінен б.з ІІІ-ІV ғ. соғылған 1300-дей теңге табылды.
• Отырар алқабындағы Мардан қорымынан Қытай теңгелері табылды.

ҒҰНДАР
• Ғұн атауы қытай деректерінде б.з.б ІІІ ғ. аяғында пайда болды.
• Ғұндар кезеңі б.з.б ІV – б.з ІІІғ аралығын қамтиды.
• «Жер дегеніміз – мемлекеттің негізгі», - деді Мөде.
• Мөде басқарған Хунну державасы (ғұн) ғалым Гумилевтің айтуынша б.з.б 209 жылы.
• Ғұн мемлекеті 3 қанатқа бөлінген.
• Мемлекет басшысы – шаньюй.
• Шаньюйден кейінгі басты тұлға түменбасы деп аталатын бекзадалар болды.
• Ғұндарда 24 ру болған.  Әр руда 10 мыңнан атты әскер болған.
• Жылына үш рет ақсақалдар кеңесі болған.
• Ғұндар мен қытайлардың арасындағы соғыс 300-ден астам уақытқа созылған.
• Б.з.б 55ж  ғұн мемлекеті оңтүстік және солтүстік болып 2-ге бөлінді.
• Ғұндардың бір мемлкетке бірігіп, күшейген кезеңі б.з.б ІІ-Іғ. аралығында Мөденің билік жүргізген кезеңі.
• Ғұндардың Қазақстанға екінші қоныс аударуы б.з І ғ. басталды.
• Ғұн империясыөз дамуының жоғарғы сатысына Еділ \Аттила\ патшаның кезінде жетті.
• Ғұн империясы Еуропа Рим үстемдігінен азат етті.
• 451 ж. Галлиядағы Хаталаун даласында ғұндар рим-франк әскерлерінің біріккен күшіне қарсы соғысты.
• 453 ж. Атилла қайтыс болған соң, ғұн мемлекеті ыдырады..
• Ғұн әскерінің негізгі құрамы шапшаң атты әскерден тұрды.
• Еділдің өмір сүрген жылдары: 400-453 ж.
• Италияның атақты композиторы Джузеппе В. «Атилла операсын» жазды.
• Волга өзені қазақша «Еділ» деп аталады.
• Ғұндар үй малдарының барлық түрін өсірген.
• Амиян Маркцеллин ғұндар туралы «ғұндар жақсы шыныққан, олар отты да қажет етпейді» деп жазды.
• Ғұндарда ауыр қылмыс пен опасыздық жасағандары үшін өлім жазасына кесілген.
• Прийск ғұн әміршісінің сарайы туралы жазады.
• Бұйымдарды алтын түйіршектермен дәнекерлеу – зерлеу.
• Ғалымдар бұл стльді\алтынмен безендіру\-полихромдық стиль деп атады.
• Ерлігі аңызға айналған Еділ туралы шежірені Прийск жазды.
• Бұйымдарды безендіру үшін жабайы аңдардың бейнесі қолданылған.
• Ғұндардың жүннен киім тоқып кигендігін дәлелдеу тұрақтардан ұршық бастарының табылуы.