001
Сөйлемде сызықша не үшін қойылғанын анықтаңыз.
Ерлік – бүгінгі өмір талабы.
A) Бастауыш та, баяндауыш та есім сөзден.
B) Жалпылауыш мүше болғандықтан.
C) Айқындалушы мүше мен оңашаланған айқындауыш болғандықтан.
D) Баяндауышы етістіктен болғандықтан.
E) Бастауыш та, баяндауыш та бір сөзден.
{Правильный ответ}=А
002
Сызықша қай жерде қойылатынын анықтаңыз.
A) Қыстырма сөзден кейін.
B) Бірыңғай мүшелердің арасына.
C) Қаратпа сөзден кейін.
D) Одағай сөзден кейін.
E) Бастауыш пен баяндауыштың арасына.
{Правильный ответ}=Е
003
Қате қойылған сызықшаны табыңыз.
A) Бұл – үлкен қуаныш.
B) Менің ұмтылған тілегім – қалайда пайдалы адам болып шығу.
C) Оқу – инемен құдық қазғандай.
D) Тіл – қарым-қатынас құралы болып табылады.
E) Мектептің жүрегі – мұғалім.
{Правильный ответ}=D
004
Cызықшаның қойылу себебін анықтаңыз.
Әкесінің баласы – адамның дұшпаны. Адамның баласы – бауырың.
A) Бастауыш тұйық етістіктен.
B) Бастауыш та, баяндауыш та сын есімнен.
C) Бастауыш та, баяндауыш та бір сөздің қайталануынан.
D) Ілік септігінің жалғауы келгендіктен.
E) Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен.
{Правильный ответ}=Е
005
Сызықшаның қойылу себебін анықтаңыз.
Бақыт – әрбір адам ұмтылатын мақсат.
A) Қосарлы айқындауыш.
B) Бастауыш – сын есім, баяндауыш – зат есім.
C) Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғадағы зат есім.
D) Бастауыш – сын есім, баяндауыш – етістік.
E) Бастауыш – есім, баяндауыш – есімдік.
{Правильный ответ}=С
006
Бастауыштан кейінгі сызықша қандай жағдайда қойылмайтындығын көрсетіңіз.
A) Бастауыш тұйық етістіктен болып, баяндауыш зат есім болса.
B) Бастауыш та, баяндауыш та сын есімнен болса.
C) Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен болса.
D) Бастауыш та, баяндауыш та сан есімнен болса.
E) Бастауыш та, баяндауыш та етістіктен болса.
{Правильный ответ}=Е
007
Сызықшаның қойылу себебін көрсетіңіз.
Тіл – қарым-қатынас құралы.
A) Төл сөз бен автор сөзі.
B) Оқшау сөз.
C) Бастауыш пен баяндауыш зат есім.
D) Қос сөз.
E) Диалог.
{Правильный ответ}=С
008
Сызықшаның қойылу себебін анықтаңыз.
Бөкеншіден Сүгір баласы Әкімқожа – мынау.
A) Бастауыш сілтеу есімдігінен, баяндауыш зат есімнен.
B) Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен.
C) Бастауыш зат есімнен, баяндауыш жіктеу есімдігінен.
D) Бастауыш заттанған есімдіктен, баяндауыш жіктеу есімдігінен.
E) Бастауыш зат есімнен, баяндауыш сілтеу есімдігінен.
{Правильный ответ}=Е
009
Бастауышы заттанған сын есімнен, баяндауышы зат есімнен болғанда қойылатын сызықшаны көрсетіңіз.
A) Жүз – жиырма беске бөлінеді.
B) Бұл – Марқакөл ауданының орталығы.
C) Отырғандардың үлкені – Марат, кішісі – Жанат.
D) Жақсы – ісімен жақсы.
E) Емтихан болатын күн – ертең.
{Правильный ответ}=С
010
Сызықшаның қойылу себебін анықтаңыз.
Жамал тағдыры – үлкен тағдыр. Жамал өмірі – бай өмір.
A) Бастауыш та, баяндауыш та сын есімнен.
B) Бастауыш зат есімнен, баяндауыш сілтеу есімдігінен.
C) Бастауыш сілтеу есімдіктен, баяндауыш ІІІ жақтағы зат есімнен
D) Бастауыш сілтеу есімдігінен, баяндауыш зат есімнен.
E) Бастауыш та, баяндауыш та бір сөздің қайталануынан.
{Правильный ответ}=Е
011
Бастауыш та, баяндауыш та сын есім болып келген сөйлемді көрсетіңіз.
A) Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
B) Адамның жаманы – мылжың, жақсысы – жомарт.
C) Ақынның тілі қылыштан өткір, қылдан – нәзік.
D) Өлімнен – ұят күшті.
E) Ән – көңілдің ажары.
{Правильный ответ}=В
012
Сөйлемдерден бастауыштан кейін қойылған сызықшаны табыңыз.
A) Жұрт айтты – көне берді.
B) Аяғы жоқ, – жүреді, аузы жоқ, – сөйлейді.
C) Ағаш арасын қаратса – жоқ.
D) Отыз – алтыға қалдықсыз бөлінеді.
E) Қарқаралы деген округтің әміршісі – Құнанбай келді.
{Правильный ответ}=D
013
Қандай тыныс белгісі жетпей тұр, белгілеңіз.
Жаман мінез-құлық рухани кесел.
A) Сызықша.
B) Үтір.
C) Дефис.
D) Қос нүкте.
E) Нүктелі үтір.
{Правильный ответ}=А
014
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаны табыңыз.
A) Телефон – автомат арқылы хабарластым.
B) Сыныпта үш – ақ оқушы отыр.
C) Ешбір ата – ана өз перзентіне жамандық тілемейді.
D) Жұмыла көтерген жүк жеңіл.
E) Ар жазасы – бар жазадан ауыр жаза.
{Правильный ответ}=Е
015
Бастауыштан кейінгі сызықша қай қатарда дұрыс қойылғанын табыңыз.
A) Біздің – елдің киесі, пірі – қызыл шұбар жолбарыс.
B) Біздің елдің киесі – пірі – қызыл шұбар жолбарыс.
C) Біздің елдің киесі – пірі қызыл шұбар жолбарыс.
D) Біздің елдің киесі, пірі – қызыл шұбар жолбарыс.
E) Біздің елдің киесі – пірі, қызыл шұбар жолбарыс.
{Правильный ответ}=D
016
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша қай қатарда дұрыс қойылмағанын табыңыз.
A) Ән айтатын өнерпаздар – осы үшеуі.
B) Білім таусылмайтын – кен.
C) Халықтардың жарқын өмірінің кепілі – бірлік пен береке.
D) Оның арманы – ұшқыш болу.
E) Айран, ірімшік, құрт – ұлттық тағамдар.
{Правильный ответ}=В
017
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаны белгілеңіз.
A) Ар – ұят керек әр уақытта.
B) Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,
C) Біздің қыздарымыз білімді, ақыл – ойы жарқын.
D) Қыстан әбден арықтап, көтерем болып шыққан мал, жайлауға іліккен соң – ақ тойынып, семіреді.
E) Жаңбыр екпінінің күштілігі соншалық – аспаннан теңіз ақтарылғандай болды.
{Правильный ответ}=В
018
Қай қатардағы сызықшаның бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша еместігін көрсетіңіз.
A) Қазақ тілі – өте оралымды, айшықты, өрнкті, бейнелі, бай тіл.
B) Тіл – ұлттың жаны.
C) Қыз-келіншек тербетіп тұрғанда, жігіттің қарызы – ән салу.
D) Орталарындағы үлкені – Базаралы.
E) Арқасын аяздай қарып отырған да сол – әкесі айтпай ұқтырған шаруа қамы болатын.
{Правильный ответ}=Е
019
Бастауыштан кейін қойылатын сызықшаны табыңыз.
A) Ішінде отырған Мәкіш, Салтанат, Ербол, –  үшеуі Абайға қуана қарсы ұмтылысты.
B) Көшір – жас жігіт, асау үйреткіш Масақпай.
C) Бар тұлғасы Құнанбай тектес бұл жас әйел – осы үйдің келіні, Абайдың апасы – Мәкіш.
D) Оттың жарығына сағатын төседі – тоғыз болып қалыпты.
E) Ашуланғаны сонша – өңінде ызаның ұшқындары шашырап тұрды.
{Правильный ответ}=В
020
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның дұрысын табыңыз.
A) Тіл қаруы сөз, басты мәселе – осы қаруды қолдана білу.
B) Тіл қаруы – сөз, басты мәселе – осы қаруды қолдана білу.
C) Тіл қаруы – сөз, басты мәселе осы қаруды қолдана білу.
D) Тіл қаруы, сөз, басты мәселе – осы қаруды қолдана білу.
E) Тіл қаруы – сөз, басты мәселе, осы қаруды қолдана білу.
{Правильный ответ}=В
021
Бастауыш сілтеу есімдіктен, баяндауыш ІІІ жақтағы зат есімнен болып, сызықша дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.
A) Бұл адамның – байқағыштығын көрсетеді.
B) Бұл ұрыста – біз жеңеміз.
C) Самғай бер асқардан асқарға мынау – қырандай.
D) Бұл – бұйрық, қатал тыйым.
E) Құстың ең қырағысы – сұңқар.
{Правильный ответ}=D
022
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаны табыңыз.
A) Өле-өлгенше сеніміңнен шығармын-ау!
B) Алпамыс, Қобыланды, Ер Сайын – бәрі де байдың жалғыз балалары.
C) Оның жанында осы үйдің иесі – Көкеннің болысы – Нұркенің өзі отыр.
D) Ақыл айтсаң – бақыл айт.
E) Бөкеншіден Сүгір баласы Әкімқожа – мынау.
{Правильный ответ}=Е
023
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның қате
қойылғанын табыңыз.
A) Армансыз адам – қанатсыз құс.
B) Сабырлы Олжабектің сасқаны сонша – орнынан атып тұрды.
C) Табиғат – біздің досымыз.
D) Төзімділік пен сабырлылық жақсы – қасиет.
E) Жусан, изен, бұйырғын, көкпек – бәрі малға пайдалы.
{Правильный ответ}=D
024
Қай қатарда бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша дұрыс екендігін көрсетіңіз.
A) Сөзден құрастырып, пікірлі әңгіме шығару үшін жұмсалатын зат – сөздер.
B) Сөзден құрастырып – пікірлі әңгіме шығару үшін жұмсалатын зат: сөздер.
C) Сөзден құрастырып, пікірлі әңгіме шығару үшін жұмсалатын зат сөздер.
D) Сөзден құрастырып – пікірлі әңгіме шығару үшін жұмсалатын зат сөздер.
E) Сөзден құрастырып, пікірлі әңгіме шығару үшін – жұмсалатын зат, сөздер.
{Правильный ответ}=А
025
Бастауыштан кейінгі сызықшаның дұрыс қойылғанын белгілеңіз.
A) Сәуле келгендерге қайта – қайта қарай берді.
B) Сөйлеу тек адамға біткен – қасиет.
C) Елу алты – екіге бөлінеді.
D) Ішек – сілесі қата күлді.
E) Емтихан – тапсыру жауапты кезең.
{Правильный ответ}=С
026
Қай сөйлемде бастауыштан кейінгі сызықша дұрыс қойылғанын анықтаңыз.
A) Үлкен үйде Ұлжан, Айғыз, Ділда – үшеуі ғана отыр екен.
B) Алдымызда Есімбектің үйі тұр, – Шұға көрінбейді.
C) Құр барып қайтпа – алып қайт!
D) Біраздан кейін үйге Мақсұттың тағы бір-екі жолдасы – Жұмағұл мен Ақтай
кірді.
E) Бұл – жазушының байқағыштығын көрсетеді.
{Правильный ответ}=Е
027
Бастауыштан кейін дұрыс қойылған сызықшаны табыңыз.
A) Ауа – райы салқындай бастады.
B) Болат – қайнауда шынығады.
C) Бар қолынан келетіні – тапжылмай отыру.
D) Ойна, – жұмысты да ойла.
E) Ер жігітке жеті өнер де – аз.
{Правильный ответ}=С
028
Бастауыштан кейін қойылатын сызықшаның дұрыс қойылмағанын табыңыз.
A) Менің ұмтылған тілегім қалайда – пайдалы адам болып шығу.
B) Ортаға салынған ой – оңды істің бастауы.
C) Алты жерде бес – отыз.
D) Қыздардың үлкені – Майра, кішісі – Сайра.
E) Ұзын белдің бойында биік таудай мұнартқан – Қарағанды.
{Правильный ответ}=А
029
Қате қойылған сызықшаны табыңыз.
A) Ата-ананың тілегі – тек қана бала бақыты.
B) Ойлап тауып жүрген – жанындағылар.
C) Талапсыз адам – табансыз.
D) Ойым – үздік оқу бітіру.
E) Еліңді – шексіз сүю қасиетті борышың.
{Правильный ответ}=Е
030
Сызықшаның қойылу себебін анықтаңыз.
Біреудің бағалы жағын көре алмау, біреудің жетістігіне іші күю, бармағын тістеу – асқынған ауру.
A) Бастауыш тұйық етістіктен, баяндауыш сын есімнен.
B) Бастауыш тұйық етістіктен, баяндауыш етістіктен.
C) Бастауыш тұйық етістіктен, баяндауыш есімнен.
D) Бастауыш бірыңғай мүшеден, баяндауыш зат есімнен.
E) Бастауыш та, баяндауыш та етістіктен.
{Правильный ответ}=С