Саяси мемлекеттік қызметкерлер Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамаларының негізінде қызметтерінен кетеді. Қызметтен кету (отставка) дегеніміз — саяси мемлекеттік қызметкерді жазбаша өтінішінің негізінде жүзеге асырылатын тиісті мемлекеттік қызметтегі міндеттерін атқаруды тоқтатуы. Мемлекеттік қызметте болумен сыйыспайтын қызметтік екілеттігін өрескел бұзу, теріс қылықтар жасау олардың қызметтен кетуіне негіз бола алмайды, бұл оларды жұмыстан шығаруға негіз болады. Саяси және мемлекеттік өкімшілік қызметкерлердін қызметін токтатуына мыналар негіз болады:
• мемлекеттік органның жабылуы;
• заңмен белгіленген міндеттер мен шектеулерді сақтамау;
• оның ез құқық меншігіне жататын мүліктерді сенімгерлік басқармасына тапсырмауы;
• сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа жол беруі;
• саяси мемлекеттік қызметкерге қатысты соттың айыптау үкімінің заң күшіне енуі;
• саяси мемлекеттік қызметкердің өкілеттігін тоқтатуы жөніндегі тікелей жазбаша өтінішінің негізінде жоғары тұрған басшылық оның қызметтен кетуін кабылдаған кезде;
• оны атқарып отырған қызметіне тағайындау (сайлау) қүкығы бар лауазым иесінің (органның) тиісті шешім шығаруы (кабылдауы);
• қызметтен өз еркімен шығу туралы өтініш беруі;
• келісімшарт мерзімінін бітуі немесе заңнамада көзделген негіздерге сәйкес келісімшарттын бұзылуы;
• табыстары мен мүлкі туралы жалған мөліметтер беруі;
• Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуы;