Бас қосқан ер мен əйелдің міндетті түрде некесі қиылады. Ол көпшілік алдында
жасалады. Қосылған, бірақ некесі қиылмаған адамдарды халық «некесіз» деп сөккен
жəне оларға салқын қараған. Олардың балалары да «некесіз туған» деген жаман
атқа қалған. «Ауыз əдебиетінде» некеқияр рəсімі кезінде айтылатын куəлар сөзі бар.
Некеқияр сөз деп – неке қияр кезде екі арада жүретін екі куəнің, жігіт пен қыздың
ырзалығын сұрау барысында айтылатын сөздерді айтамыз. Мұның əні болмайды. Бірақ
өлеңше ұйқасқан, дəйім бір қалыпты айтылады.
Мысалы:
Куə, куə, куəдірміз,
Куəлікке жүрəдірміз.
Мұнда халық алдында,
Таңда хақ қасында
Екі кісі хақ куəлік бередүрміз.
Пəленшеден жаралған (əкесін айтады), пəленшеден туған (шешесін айтады) пəленше
қызды (қызды айтады) халал жұптылыққа қабыл көріп алдыңыз ба?
Қызға айтқанда да бəрін осы қалыпта айтып, аяғында «пəленшеге халал жұпты
болдыңыз ба?» дейді.
Осы сөздерде келтірілгендей, жігіт те, қыз да жұпты болғандығын өз аузымен мақұл-
дайды. Сонан кейін екеуі де неке суын ішеді. Бұдан кейін олардың некесі қиылып, ерлі-
зайыпты адамдар болып саналады. Үлкендер жақсы тілек тілеп, қол жайып бата береді.