Жасау – ұзатылған қызға берілетін дүние-мүлік. Жасауды ұзатылатын қыздың ата-
анасы дайындайды. Сондай-ақ туыстары, ағайындары да өз үлестерін қосады. Жасау
беру дəстүрі үйленген жастар, əсіресе, тұрмыс құрған қыз барған жерінде қиналмасын,
ешкімге кіріптар болмасын, өздерімен өздері күн көріп кетсін деген мақсаттан туған.
Сондықтан жасау мүлкіне үй болу үшін ең қажет заттар кірген. Қазақ халқы қыздың
жасауына ерекше мəн берген. Бұрын жасауға сəукеле, кілем, текемет, ыдыс-аяқ, төсек-
орын, киім-кешек, əшекейлі бұйымдар, сауын мал, салт ат, т.б. қосқан. Ауқатты адамдар
қызын ақ отау тігіп ұзатқан. IX ғасырдың 1-ші жартысына дейін ірі байлар жасауға
күтуші қызды да қосып берген. Ал IX ғасырдың соңынан бастап жасауға пəуеске,
самаурын, тігін машиналары қосылды. Жасау мүлкі əр заманның, аймақтың салтына
қарай өзгеріп отырған. Қызды жасаумен ұзату дəстүрі қазірге дейін сақталған.