Ұзату тойы қыздың əке-шешесінің ауылында өткізіледі. Онда жас жұбайларға
арналып отау тігіледі. Қалыңдыққа сəукеле мен əсем киім кигізеді. Тойбастар, жар-жар,
сыңсу айту сияқты ғұрыптық жоралғылар жасалынып, той бірнеше күнге созылады.
Онда қыз қуу, құда тартыс, балуан күрес, айтыс, бəйге өткізілетін. Сан алуан ұлттық
ойындар ойналып, сауық кештер жасалатын.