Адам өміріндегі аса мəнді де сəнді мереке – жастардың үйлену тойы. Бұл – ұлдың
ержетіп, қыздың бойжетіп, кəмелетке толған жастардың өмірден өз орнын тапқан
салтанаты. «Отан отбасынан басталады» дегендей, қоғамның негізі – отбасылық өмір.
Үйлену тойын өткізудің əр халықта қалыптасқан өзіндік ұлттық дəстүрі бар.
Əр ұрпақтың өз заманына лайық той өткізу салты болады. Қазақтың дəстүрлі үйлену
тойы, əдетте, құдаласудан басталады. Ертеде олардың бел құда, бесік құда, қарсы құда
деген түрлері кездескен. Жастар бір-бірін ұнатып, шаңырақ көтеруге бел буған кезде өз
ниеттерін ата-аналарына білдіреді. Екі жастың ата-аналары бұрынғы дəстүрдің негізін
сақтай отырып, туған-туыстарын, ауыл аймағын, көрші-қолаңын жинап құдаласады.
Бұл – екі жақтың танысуы, жастардың ниетін құптап, той өткізудің қамын ойластыру
рəсімі. Құда болу деген сөз – ұзақ жылға созылатын сыйластық, туысқандық қарым-
қатынастың орнауы деген сөз. Сондықтан қазақ «Күйеу – жүз жылдық, құда – мың
жылдық» деп мақалдайды.