Желтоқсан көтерілісі – 1986 жылы 16 – 19 желтоқсан аралығында Алматыда
болған қазақ жастарының Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы үкіметінің
отаршылдық, əміршіл-əкімшіл жүйесіне қарсы наразылық қимылдары. Көтерілістің
басталуына Мəскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан
Ресейдің Ульянов облыстық партия комитетінің 1-ші хатшысы Г.В. Колбинді Қазақстан
Компартиясы Орталық Комитетінің 1-ші хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды. 17
желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы Л.И. Брежнев атындағы алаңға (қазіргі
Республика алаңы) саяси тəуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам
жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп,
«бұзақыларды» күшпен тарату
мақсатында алаңға құқық қорғау
органдарының қызметкерлері мен
арнайы əскери күштер тобы жет -
кізілді. КСРО Ішкі Істер ми-
нистрлігінің №0385 бұйрығы
негізінде дайындалған «Құйын –
86» операциясы бойынша көтеріліс
қатыгездікпен басып-жаншылды.
18 желтоқсан күні алаңға қайта
жиналмақ болған көтерілісшілерге
қарсы əскер күші қолданылды.
Көтерілісшілердің қалған топтарын
ығыстыру үшін жедел топ, милиция
мен жасақшылардан арнайы топ-
тар құрылып,қала көшелеріне аттандырылды. Осы əскери күштер 19 желтоқсан күні
қаланың əр тұсында қайтадан шеруге шықпақ болған 6 топты басып, таратты. Алаңдағы
көтерілісшілер таратылған соң ішкі істер бөлімдеріне 2401 адам жеткізілген (Алматы
түрмесіне сыймағандықтан, қала сыртына апарып тасталғандарды қосып есептегенде
барлығы 8,5 мың адам ұсталған). Желтоқсан құрбандарының қатарында Е.Сыпатаев,
С.Мұхамеджанова, К.Молданазарова, Қ.Рысқұлбеков, М.Əбдіқұлов, Л.Асанова сынды
ержүрек қазақ жастары бар. Желтоқсанның 19 – 23 аралығында халықтың наразылық
шерулері мен митингілер Қазақстанның Жезқазған, Талдықорған, Көкшетау, Қарағанды,
Арқалық, Павлодар, Жамбыл, Талғар, Сарқант, т.б. қалалары мен Сарыөзек, Шамалған,
Шелек елді мекендерінде жалғасты.
Желтоқсан көтерілісіне Кеңестер Одағы Коммунистік Партиясының (КОКП)
Орталық Комитетінің қаулысымен «қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деген баға беріліп,
көтеріліске қатысқан азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады. Тоталитарлық, отаршыл
саясатқа қарсы қазақ жастарының азаттық күресі тарихи маңызы бар үлкен оқиға
болды. Қазақстан тəуелсіздігін алған соң Желтоқсан көтерілісі туралы шындық қалпына
келтіріліп, бұл жөнінде «Желтоқсан. 1986. Алматы» (құрастырғандар – Т.Өтегенов,
Т.Зейнəбілов), «Желтоқсан құрбандарын жоқтау», «Ер намысы – ел намысы» жинақтары,
К.Тəбейдің «Мұзда жанған алау», Т.Бейісқұловтың «Желтоқсан ызғары» кітаптары мен
«Желтоқсан» (бас редакторы – Х.Қожа-Ахмет) газеті жарық көрді, «Аллажар» (1991,
реж. Т.Теменов), «Қызғыш құс» кинофильмдері түсірілді.

ҚАЙРАТ РЫСҚҰЛБЕКОВ

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/ru/thumb/6/60/Kayrat_Ryskulbekov.jpg/200px-Kayrat_Ryskulbekov.jpg

Рысқұлбеков Қайрат Ноғайбайұлы – 1986 жылғы Желтоқсан
көтерілісінің қаһарманы. Қайрат Рысқұлбеков 1966 жылы Жамбыл
облысы Мойынқұм ауданы Бірлік ауылында дүние ге келген.
1973 – 81 жылдары Шу ауданы Төле би ауылында С. Шəкіров
атындағы мектеп-интернатта 8 жылдық білім алады. 1981 – 83
жылдары Бірлік ауылындағы орта мектепті бітіреді. 1984 – 86
жылдары Амур өлкесі Белогор қаласында əскери міндетін өтейді.
1986 жылы əскери бөлімшенің жолдамасымен Алматыдағы
Сəулет-құрылыс институтына оқуға түседі. Осы жылы 16 –
18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық жəне
əміршілдік жүйеге қарсы көтерілісіне белсене қатысады. Бірақ көтеріліс жаншылғаннан
кейін 1987 жылдың қаңтарында Ішкі істер органының қызметкерлері «Алматыда бір
төбелеске қатысты» деген желеумен Қайратты қамауға алады. Кейіннен, көпшілікке
мəлім болғандай, тергеушілер неше түрлі айла-шарғылар қолдана отырып, оны С.
Савицкийдің өліміне кінəлі етеді. Қазақ КСР-сы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер
жөніндегі коллегиясының төрағасы Е.Грабарниктің 1987 жылы 16 маусымдағы Үкімімен
Рысқұлбеков ең жоғары жаза (өлім) – ату жазасына бұйырылды. Зиялы қауым өкілдері
КОКП Бас хатшысы Горбачев пен КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының төрағасы
Громыконың атына Рысқұлбековтың жазасын жеңілдету туралы өтініш жолдады.
Кейінен ату жазасы амалсыздан 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасымен
ауыстырылды. Бірақ Шу, Қарағанды темір жол бекеттері арқылы Рысқұлбеков Семей
түрмесіне жеткізіліп, құпия жағдайда оның өміріне қастандық жасалды.
Желтоқсан көтерілісінің құрбаны болған Рысқұлбеков еліміз егемендік алғаннан
кейін Қазақстан Жоғарғы Соты Пленумының 1992 жылғы 21 ақпандағы шешімімен
ақталды. Оған «Халық қаһарманы» атағы берілді.

http://cs425222.vk.me/v425222761/6222/9ZE2_wK21D4.jpg

СЫПАТАЕВ ЕРБОЛ

http://jcity.ucoz.ru/_ph/1/13010481.jpg

Сыпатаев Ербол Мұқажанұлы – 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің құрбаны. Ол
1964 жылы Алматы облысы Панфилов ауданы Еңбекші ауылында дүниеге келген.
Е. Сыпатаев орта мектепті бітіргеннен кейін 1981 – 82 жылдары кеңшарда жүргізуші
болып істейді. 1982 – 84 жылдары Кеңес Əскері қатарында болады. 1985 жылы
Алматыдағы Энергетика институтына (қазіргі Алматы энергетика жəне байланыс
институты) оқуға түседі.
1986 жылы 16 – 18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық-əміршілдік
жүйеге қарсы көтерілісіне белсене қатысады. 18 желтоқсан күні ауыр жараланып
ауруханаға түсіп, 23 желтоқсан күні сонда қайтыс болады. Мəйітін ауылына Ішкі істер
министрлігі мен Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері арнайы қарауылмен
апарған. Қазақстан тəуелсіздік алған соң ғана Сыпатаев жөніндегі шындық айтыла
бастады. Ол туралы баспасөз беттерінде, Желтоқсан көтерілісіне байланысты жарық
көрген жинақтар мен кітаптарда жазылды. Жаркент қаласындағы бір көшеге (1995),
ауылындағы оқыған мектебіне (1998) Сыпатаевтың есімі берілді.

ЛƏЗЗАТ АСАНОВА

http://gdb.rferl.org/1B099C46-F2E0-48EA-B239-A74E4EA99AC1_w974_n_s.jpg
http://gdb.rferl.org/FB403A1D-8293-4DF8-9590-99042D1F8F98_w974_n_s.jpg
http://images-mediawiki-sites.thefullwiki.org/04/4/1/2/19049764264961475.jpg

Асанова Лəззат Алтынайқызы (27.07.70, Алматы
облысы Панфилов ауданы Ақжазық ауылы – 25.12.86,
Алматы) – Желтоқсан көтерілісінің құрбаны. 1985
жылы Алматы қаласына келіп, П. Чайковский атындағы
музыкалық училищеге оқуға түседі. 1986 жылы 16 – 18
желтоқсан күндері болған қазақ жастарының отаршылдық
жəне əміршілдік жүйеге қарсы көтерілісіне қатысады. Ол
Орталықтың билеп-төстеушілігіне наразылық білдіріп,
қаладағы Жаңа Алаңға (қазіргі Республика алаңы) алғашқы
ереуілшілер қатарында «Қазақтар! Кіріптарлық құлдықта
өмір сүргеніміз жетеді! Біз еліміздің тəуелсіздігін жеңіп
алған кезде ғана азат бола аламыз!» деген ұранға қосылып
шығады. Көтеріліс қатыгездікпен жанышталғаннан кейін
басқа да ұсталған 87 адам қатарында Асановаға айып
тағылып, қамауға алынады.

1986 жылғы 16 – 18 желтоқсанда Алматы қаласында болған оқиғаларға түпкілікті
баға беру жөнінде республика Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы құрған комиссия
мүшесі Ф. Игнатовтың мəліметтеріне қарағанда, Лəззаттың мəйіті бірнеше күннен
кейін музыкалық училище жатақханасынан табылғанда, ол туралы «жатақхананың
бесінші қабатынан құлап өлген» деген қауесет таратылған. Дегенмен, Асанованың
денесін туған ауылына дейін Ішкі істер министрлігі мен Мемлекеттік қауіпсіздік
комитетінің қызметкерлері арнайы қарауылмен апарған. Осыған қарағанда, ол
жазалаушылар қолынан қаза тапқан. Қазақстан тəуелсіздік алғаннан соң ғана
Асанова жөніндегі шындық қалпына келтіріле бастады. Лəззаттың ерлігіне
арналған əн («Қаһарман қыз – Лəззат қыз». Музыкасы – Ж. Тұрсынбаевтікі, өлеңі
– Ə. Асылбектікі) жарық көрді.

http://www.qazaquni.kz/wp-content/uploads/%D0%B6%D0%B5%D0%BB%D1%82%D0%BE1.jpg
http://gdb.rferl.org/D60A2778-E24C-44ED-A181-D6D68A537C5D_mw800.jpg
http://www.inform.kz/fotoarticles/20140413183638.jpg
http://www.voxpopuli.kz/userfiles/posts/527/99462436e73b28d71391b903eb9b7a63_big.jpg

http://zhasalash.kz/download/images/bastaluy.jpg
http://bisnews.kz/images/M_images/------------------------------------------------00000000000000000000000000000000001.jpg
http://im9.asset.kwimg.kz/screenshots/normal/du/du6g8eiy2260_2.jpg