Бүгінде отандық ақша сарайы қолданып отырған технология əлемнің тек бірнеше
ақша сарайында ғана бар. Екі түрлі металдан, көгілдір глазурь орнатылып жəне гауһар
тастармен (бриллианттармен) əшекейленіп жасалған қазақстандық монеталарды нағыз
өнер туындылары деуге болады. Мұндай қымбат металдардан жасалған монеталарды
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің кассаларынан сатып
алуға болады. Оларды тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл əлемде де
сатуға немесе сатып алуға болады.
Қазақстанда бүгінгі күнге дейін 190-нан аса топтамалық,
мерейтойлық жəне ескерткіштік монеталар соғылды. «Қа-
зақстанның тарихи-сəулет ескерткіштері жəне қолданбалы
өнер», «Көшпенділер алтыны», «Ескіше соғылған монеталар»,
«Жібек жолы инвестициялық алтын монетасы», «Əлемнің ең
шағын алтын монеталары», «Қазақстанның Қызыл кітабы»
жəне т.б. монеталар топтамалары жарық көрді. Сонымен қатар,
«Абайдың 150 жылдығы», «Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 60
жылдығы», «ҚР ұлттық валютасына 10 жыл», «Түркістанның 1500
жылдығы», «Қазақстан тəуелсіздігінің 10 жылдығы», «Қазақстан шимайтастары»
жəне т.б. сияқты жекелеген мерейтойлық монеталар жасалынды. Монеталардың беткі
жағының ортасында Қазақстан Республикасының Елтаңбасы бейнеленген.
Енді солардың бірнешеуін қарастырайық.