Инфляция (лат. inflatio – «қабыну», «ісіну») — бұл бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан және тауарлар және қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ оның сатып алу қабілетінің төмендеуі.
1775-1783 жылдары Солтүстік Америкада тәуелсіздік үшін болған соғыс доллардың құнсыздануына әкеліп соқты. Францияда 1784-1794 жылдары революция кезінде өндірілген қағаз ассигнаттар бір жылда 883 есе құнсызданды. Еркін бәсеке кезіндегі капитализм жағдайында инфляцияны соғыс, дағдарыстан, стихиялық апаттар кезінде болатын несие ақшаларының алтынға айрбасталуының тоқтауы кезінде пайда болды.
Инфляция — бұл кез келген экономикалық даму үлгісіне тән объективті құбылыс. Инфляцияның себептері айналыс және өндіріс саласында орын алады.
Қазіргі инфляция мынадай факторларға байланысты:
1. Ақша айналысының факторларына: бюджет тапшылығын жабуға пайдаланылған, шексіз көп ақшаның эмиссиялануы есебінен айналыс аясының артық ақша массасына толып кетуі; халық шаруашылығының артық несиеге толуы.
2. Ақшалай емес факторларға: қоғамдык өндірістегі теңсіздікке, шарушылықтың шығындық тетігіне, мемлекеттің экономикалық саясаты, оның ішінде салық саясаты, баға саясаты, сыртқы экономикалық саясатына байланысты факторлар жатады.
Аталған факторлардың қанат жаюына байланысты инфляцияның екі түрі болады: сұраныс және шығын (ұсыныс) инфляциясы.
Сұраныс инфляциясы төмендегідей факторлардың әсерінен туындайды:
• әскери шығыстардың өсуі, яғни әскери техникалардың азаматтық салаларда пайдалану қажеттігінен, нәтижесінде ақша баламасы айналыс үшін артық болып қалады;
• мемлекеттік бюджет тапшылығы және ішкі қарыздардың өсуі, яғни мемлекеттің қысқа және орта мерзімді міндеттемелерін шығару есебінен бюджет тапшылығын жабу нәтижесінде мемлекеттің ішкі қарызы артады;
• несиелік экспанциялау, яғни елдің орталық банкінің коммерциялық банктер мен үкіметке несие беретін несиелер көлемінің ұлғаюын сипаттайды;
• импортталған инфляция, яғни шетел валюталарын сатып алу барысында тауар айналымына қажеттіліктің үстіне ұлттық валютанын, эмиссиялануы;
• ауыр өнеркәсіп саласына өте көп мөлшерде инвестация жұмсау.
Шығын (ұсыныс) инфляциясы — бұл баға белгілеу үдерісіне әсер ететін мынадай факторлардың болуымен сипатталады:
• еңбек өнімділігінің өсуін азайту және өндірістің құлдырауы;
• көрсетілетін қызметтің маңызының артуы;
• бір өнім бірлігіне жұмсалатын шығынның өсуінің жеделдетілуі, әсіресе жалақының өсуі;
• энергетикалық дағдарыс.
Инфляция жағдайында қағаз ақшалар мыналарға қатысты құнсызданады:
• алтынға;
• тауар;
• шетел валютасына.
Бірінші жағдайда қағаз ақшамен берілетін алтынның нарықтық құны артады. Екінші жағдайда тауарлардың бағасы өседі. Үшінші жағдайда шетел валютасына қатысты ұлттық валютаның бағамы төмендейді.
Инфляцияны төмендегідей белгілеріне байланысты жіктеуге болады:
1. Инфляциялық үдерістің сипатына қарай:
• ашық инфляция, яғни, бағаға ешқандай да кедергі болмайды, оның еркін өсуі байқалады;
• жабық инфляция, яғни тауар тапшылығы жағдайында бағаға мемлекет қатан бақылау жасап отырады;
• инфляциялық шок, яғни бір мезетте бірден баға өсіп кетеді.
2. Таралу орнына қарай:
• локальдық инфляция, яғни баға бір ғана елдің шекарасында өседі;
• дуниежузілік инфляция, яғни кейбір елдер топтарын немесе барлық ғаламдық экономиканы түгелдей дерлік қамтиды.
3. Бағаның өсу қарқынына қарай:
• баяу инфляция — баға баяу қарқынмен біртіндеп жылына 10%-ға өседі;
• орташа инфляция — баға тез қарқында жылына 20-дан 200 %-ға дейін өседі, мұндай баға қарқыны ауыр экономикалық және әлеуметтік зардаптарға шалдықтырады;
• ұшқыр инфляция — баға жылына 500-ден 1000 %-ға дейін және одан жоғары қарқынмен өседі. Ұшқыр инфляция ақша жүйесінің құлдырауына әкеліп соғады. Мұндай жағдайда ақша өзінің атқаратын қызметтерін жоғалта бастайды.
Өнеркәсібі дамыған елдер үшін бірінші түрі тән болса, ал дамушы елдер үшін екінші және үшінші түрлері тән.
Инфляция қарқыны статистикалық көрсеткіш — тұтыну бағаларының индексі көмегімен анықталады.
Тұтыну бағаларының индексі тауарлар мен қызметтердің түрлерін қамтитын тұтыну қоржыны негізінде анықталады.
Тұтыну бағаларының индексін (ТБИ) есептеуде мынадай формула қолданылады:
ТБИ = (Ағымдағы жылдағы тұтыну қоржынының бағасы) / (Базалық жылдағы тұтыну қоржынының бағасы) x 100
Тұтыну бағаларының индексінің үш сандық мәні болуы мүмкін:
• баға индексі 100%-ға тең болады, яғни баға өзгермеген болып табылады;
• баға индексі 100%-дан жоғары, мысалға 140%-ға тең. Демек, ағымдағы жылдағы бағаны базалықпен салыстырғанда 1,4 есе өскен, яғни ақша инфляциялық құнсызданды;
• баға индексі 100%-дан төмен, айталық 80%-ға тең, яғни ағымдағы жылдағы бағаны базалыққа қарағанда 20%-ға төмендеген. Бұл дегеніміз дефляцияның болғанын, яғни баға деңгейінің төмендеуін білдіреді.
Қазақстан Республикасында бағаның өсуіне қарай қазіргі кезде бірінші түрі байқалады. Мысалы, статистикалық мәліметтері бойынша орташа инфляция мөлшері:

2000 ж. 9,8 %
2001 ж. 8,4 %
2002 ж. 5,9 %
2003 ж. 6,4 %
2004 ж. 6,9 %
2005 ж. 7,6 %
2006 ж. 8,64 %
2007 ж. 10,8 %
2008 ж. 9,5 %
2009 ж. 6,2 %
2010 ж. 7,7 %





Инфляцияның жылдық орташа мөлшері, %-бен

Бұл көрсеткіштер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 2003 жылдан бастап алдағы үш жылға арналған ақша-несие саясатының негізгі бағыттарында бекітілген болжамдарға сай болып келеді.

2009 жылғы қараша айындағы азық-түлік емес тауарларға деген бағаның өсуі 2008 жылдың желтоксан айына қатысты алғанда 8,3% және ақылы қызметтер бойынша — 7,2%-ға өскен. Ал азықтүлік тауарларына бағаның есуі 2,6%-ды құрады.

2009 жылғы қаңтар — қараша айындағы инфляцияның орташа жылдық деңгейі 7,4% және 2008 жылдың қаңтар — караша айымен салыстырғанла 10,3 пайызға төмендеген.
Қазақстандағы тұтыну бағасының индексін есептеуде тұтыну қоржынына кіретін 500-ге жуықтауарлар мен қызметтер есепке алынады.
Ұлттық Банкінің ұсынысы бойынша енгізілген тұтыну бағаларының индексіне кіретін ішкі индекстер 4 топқа бөлінеді:
1. Ауылшаруашылық және балық өнімдері;
2. Қазақстанда жасалған өзге де тауарлар;
3. Импортталған тұтыну тауарлары.
4. Өзге қызметтер.
Қазақстанда жалпы инфляция және базалық инфляция деңгейі анықталады. Жалпы инфлядияны Үкімет пайдаланса, ал Ұлттық Банк базалық инфляцияны пайдаланады.
Ұлттық Банк Статистика жөніндегі агенттіктен базалық инфляция құрамынан бес түрлі керсеткішті алып тастауды сұрады. Оларға кекөніс, жеміс-жидек, бензин жөне көмір бағалары және коммуналдық қызметтер бағасы жатады.
Инфляцияның тигізетін әлеуметтік-экономикалық салдарларын мынадан көруге болады:
• халық топтары, өндіріс аясы, аймақтар, шаруашылық құрылымдары, мемлекет, фирмалар арасында, дебиторлар мен кредиторлар арасында табыстардың қайта бөлінуі;
• халықтың, шаруашылық субъектілерінің ақшалай жинақтарының және мемлекеттік бюджет қаражаттарының құнсыздануы;
• бағаның әркелкі өсуі нәтижесінде өнеркәсіп салаларындағы пайда нормасының теңсіздігінің артуы және ұдайы өндіріс үдерісіндегі теңсіздіктің орын алуы;
• жұмыссыздықтың өсуі;
• халық шаруашылығына деген инвестицияның қысқаруы;
• амортизациялық қорлардың құнсыздануы;
• бағадағы, валютадағы және пайыздағы алып-сатарлық ойындардың ұлғаюы;
• көлеңкелі экономиканың белсенді түрде дамуы;
• ұлттық валютаның сатып алу қабілетінің төмендеуі;
• қоғамның әлеуметтік топтарға белінуі.
Инфляция (Р) мен жұмыссыздық (Q) арасындағы байланысты Филипс қисығынан көруге болады.

Филипс қисығында инфляция орнына бағаны қарастырып, оның жұмыссыздыкқа ықпалын көрсеткен. Бірақ бұл жерде бағаның орнына жалақыны алған дұрыс сияқты. Себебі, жалақы өссе жұмыссыздық азаяды немесе керісінше. Жалақы да инфляцияның пайда болуына ықпал етуші басты фактор. Қазір біздің елімізде Елбасының Жолдауында бюджет мекемелерінін жалақысын көтеру туралы сөз қозғалса болғаны, базардағы тауар бағасы бірден өседі. Бұл дегеніміз жабайы нарықтың көрініс алуын сипаттайды. Әрине базардағы саудагерлер өзінің өнімін сатып отырғандар емес олар алыпсатарлар, олар бағадағы айырмадан күн көрушілер. Оларға ешқандай бақылау жоқ. Сол себепті Қазақстандағы инфляцияға тежеу қою мүмкін болмай отыр.
Жоғарыда аталған инфляцияға ықпал ететін факторлар мен оның әлеуметтік және экономикалық салдарлары оған қарсы саясаттың болуын талап етеді.
Инфляциялық үдерістің жағдайларына байланысты ақша айналысын тұрақтандыру нысандарына: ақша реформасы мен антиинфляциялық саясат жатады.
Ақша реформасы — ұлттық ақша бірлігін тұрақтандыруға, елдің ақша жүйесін қалыпқа келтіруге және нығайтуға бағытталған ақша айналысында мемлекет тарапынан жүзеге асатын түрлендірулер.
Ақша реформалары төмендегідей әдістер көмегімен жүзеге асырылады:
• жаңалау, яғни құнсызданған ақша бірлігін жою туралы және жаңа валюта енгізу туралы хабарлау;
• қалыпқа келтіру, яғни ақшаның бұрынғы алтындық құрамын немесе валюталық паритетін қалпына келтіру;
• деноминация, яғни «нөлдерді қысқарту» әдісімен ақшаның номиналдық құнын ірілендіру.
Сонымен қатар, инфляцияға әсер ететін факторларға жауап ретінде басты антиинфляциялық саясаттың мынадай әдістері жұмыс жасайды:
Дефляциялық саясат — бұл ақша-несие саясаты арқылы ақшаға деген сұранысты шектеуді, салық тетігің қолдану арқылы мемлекеттік шығыстарды азайту, несие үшін пайымт шерін реттеу және ақшамассасын шектеу әдістерінің жиынтығы.
Табыс саясаты — бағаға және жалақыға бақылау жасау шаралары.
Біздің елімізде бағаға бақылау Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат комитетті арқылы жүргізіледі.
Әлеуметтік мотивтерге байланысты антиинфляциялық саясаттың бұл түрі өте сирек қолданылады.
Индексациялау - ақшаның құнсыздану нәтижесінде болған зиянның орнын толық немесе жартылай толтыру әдісін білдіреді.
Бұл әдіс, 1999 жылы 5 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен «еркін өзгермелі ваяюта бағамына» өту барысында, АҚШ долларына қатысты теңге бағамының күрт төмендеуінен туындаған (мысалы, 1 АҚШ долларының бағамы 87,5 теңгеден 132,4 теңгеге және одан жоғары көрсеткішке жетті) халықтың екінші деңгейлі банктердегі теңге салымдары бойынша зиянды мемлекеттің қаражаты есебінен қалпына келтіру мақсатында пайдаланылды.
Сонымен қатар осы әдістің көмегімен, бұрынғы КСРО-ның Жинақ банкінде сақталған және 90 жылдардың басындағы орын алған қарқынды инфляцияның салдарынан құнсызданған халықтың жинақтары, қазіргі Халық банкісі арқылы біршама мөлшерде қайта қалпына келтіріліп, кезеңімен қайтарылу жұмыстары жүргізілді. Оның нақты есебіне келсек, мысалға егер сіздің жинақ кассасында 1992 жылға дейін Кеңес дәуірінде жинақтаған 10000 рублің болса, 1992 жылғы рубльдің АҚШ долларға қатысты бағымы 150 рубльге тең болды делік. Сіздің 10000 рубліңізді 150-ге бөліп, оны теңгені қайтару кезеңінде жүргізген (1999—2000 жылдары) бағамы 155-ке көбейту арқылы сізге кешегі кеңестік жинағыңызды қайтарады. Бұл қате есептеу. Дұрыс қайтару үшін депозитке салған күндегі рубльдің долларға қатысты бағамына байланысты қайтару қажет. Ол кездегі 1 АҚШ доллары 0,98 копеекті құрады. Осы бағаммен қайтарса, сол уақыттағы сіздің жинағыңыздың қайтарылған сомасы 10204 АҚШ долларын құрайтын еді.

Жұмыссыздық

Жұмыссыздық әлемдегі орталық проблеммалардың бірі болып табылады. Және де ол бір жүйеден екіншісіне өтетін елдерде кең байқалады.
    Мысалға мұндай процес Қазақстанда жүріп жатыр. Ол өзімен бірге бірқатар жаңа проблемаларды алып келеді. Сонымен қатар жұмыссыздық проблеммасы адамдармен тығыз-байланысты және соларға тікелей әсер етеді. Жұмысынан айрылу олардың табысының азаюына, өмір сүру деңгейінің төмендеуіне, сонымен қатар психологиялық стреске алып келеді. Осы себепті көптеген саясат адамдары өзінің сайлауалды компанияларында жұмыс орындарын жасауға көп көңіл бөледі.
    Жұмыссыздықты зерттеу олардың пайда болу себептерін аныктайды, мемлекеттің тарапынан шараларды анықтайды. Бірақ сонымен қатар көптеген экономистердің ойынша жұмыссыздық қажет нәрсе, оны зұлымдық ретінде қарастыруға болмайды.
    Өйткені жұмыссыздықтың ең маңызды пайдалы жақтарына оның сапалы еңбекті, бәсекені туындыратыны болса керек. Менің жұмысымның мақсатына осы жатады.

Жұмыссыздық түсінігі
    Анықтама бойынша жұмыссыздық - халықтың активті бөлігінің жасауға қабілетті жұмыс таба алмау.
Жұмыссыздық негізінен жұмыс орнына сай келетін адамдардың азаюынан, адамдардың санының көбеюінен пайда болады. Жұмыссыз ретінде жұмыссыздар биржасында тіркелген, жұмыс табуға нақты мүмкіндігі жоқ адамдар айтылады.
Жұмыссыздықтың келесі түрлері бар:
• Фрикционды
• Структуралық
• Циклдық
• Сезондық
• Аймақтық
    Фрикционды жұмыссыздық. Бұл жұмысшының бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысуынан пайда болады. Бұл экономикада тұрақты түрде болады. Бұл жұмыссыздықты ақпараттық қамтамассыз ету арқылы, жұмыс берудің структурасы жақсарту арқылы жетуге болады
    Структуралық жұмыссыздық. Бұл сұраныс структурасы мен еңдіріс технологиясы өзгеруінің салдарынан болады. Ол негізінен жаңа процестер есебінен жұмысшылардың профессиясын жаңартуға итермелейді.
Циклдық жұмыссыздық. Бұл өндірістің циклды түрде төмендеуімен байланысты болады. Сонда өндірісті аздаған инвестицияның есебінен өсіруге болады. Өйткені еңбек ресурстары өте көп.
    Жүмыссыздық пен өндірістен шығындар арасында 0укен заңдары жүреді. Ол=ВНП*2,5% потенциальный выпуск.

Өтпелі экономиканың негізгі көріністері
    Өтпелі кезең - экономикалық жүйедегі түбегейлі езгерістер есебінен елдің экономикасы сапалы түрде жаңа түрге өтетін уақыт аралығы.
    Мұндай кезеңді ТМД елдерінің барлығы өтті. Ел тұрғындырының нақты табысының азаюы экономикалық төмендеудің негізі болып табылады. Тап осы жұмыспен қамту саласында тұрақты экономика мен өтпелі экономика арасындағы айырмашылық айқын сезіледі. Өтпелі кезеңдегі өндірістің төмендеуі адекватты түрде жұмыссыздықтың өсуіне әкелмейді. Ал бұл еңбек өнімділігі нақты жалақыға қарағанда тезірек төмендеуі инвестиция салудан экономика жағдайы жақсармайды. Экономиканы сауықтыру шаралары мен классикалық-теория ұсынатын әдістерін жоққа шығарып жалақы өсіру пайда әкелмейді. Сонымен қатар өтпелі экономикадағы елдердің жағдайын ескере отырып, онда статистика мәліметтері мен нақты жағдайдын арасындағы алшақтықты ескеру қажет.
    Бұл жағдайларды зерттеу арқылы біз осындай өтпелі процестерді реттеу механизмдерінің барлығын ескеру қажет. Механизмдер ретінде мынадай әдістерді қолданамыз: жалақыны мемлекет тарапынан реттеу, жұмыс берушімен мемлекеттен тәуелсіз кәсіподақтар ықпалымен жалақының өсуі.
    Бірақ та көбіне жалақыны жұмыс берушілердің арасындағы корпоративті байланыстрдың арқасында жұмыс берушілер өз талаптарына сай қояды. Бұл өз кезегінде монополиялық және олигаполдық механизмдердің күш алуына әкеліп соғады. Осы өтпелі кезеңді өту үшін екі типтегі мәселелерді шешу қажет.
    1. теңсалмақты экономиканы құру, негізінен макроэкономикалық өзгерістер арқылы шешіледі, яғни нарықты әртүрлі ресурстарға толтыру.
    2. жоғарыдағыдан туатын нарықтық экономиканы экономикалық прогрестің негізгі қозғаушы күшіне айналдыру, ол үшін технологиялық прогрес қажет.

Жұмыссыздыктың әлеуметтік-экономикалық салдары
    Көбіне жұмыссыздықтың экономикалық әсері сипатталады да, кумулативті характерге ие әлеуметтік әсері ескерусіз қалады. Бірақ та жұмыссыздықтың елдің жағдайына тигізетін әсері көбіне әлеуметтік жағдаймен өлшенеді.
Енді сол-салдарларға тоқталсақ.
Кері әсерлер:
1. Крименогенді жағдайдың өршуі
2. әлеуметтік кернеудің өршуі
3. физикалық және психологиялық аурулардың көбеюі
4. әлеуметтік дифференцияның өсуі
5. еңбек белсенділігінің төмеңдеуі
Пайдалы әсері:
1. Жұмыс орнының әлеуметтік маңызының артуы
2. Өз бос уақытының көбеюі
3. Жұмыс орнын таңдаудағы еркіндік
4. Әлеуметтің мән мен еңбек құндылығының артуы
Экономикалық салдарлар:
Кері әсерлер:
1. Алған білімнің құндылығын жоюы
2. Өндірістің төмендеуі
3. Жұмыссыздарға көмек шығындары
4. Квалификациясын жоғалту
5 Өмір сүру деңгейінің төмендеуі
6. Ұлттық табыстың төмендеуі
7. Салықтың аз жиналуы
Пайдалы әсері:
1. Экономиканы қайта жарақтауға жұмыс күшіің резервін жасақтау
2. Еңбекке бейімділігін өсіру мақсатында жұмысшылар арасында конкуренция
3. Білімін жоғарылату үшін уақыт
4. Еңбек өнімділігі мең өндіріс интенсивтілігі жоғарылауы

Жұмыс нарығы
    Тәуелсіздік алғалы бері елде еңбек рыногына әсер ететін бірқатар факторар пайда болды. Соның бірі көлеңкелі экономика. Бұл салаға бастама берген негізінен жұмысшыға жасырылған ақы төлеп немесе еңбек етуге қолайлы жағдай туғызбағандықтан мемлекетке салық төлемейтін сектор жатады.
   Бұған ең алдымен ел экономикасы көтерілгеннен бері елге ағылған босқындар, гасторбайтерлер жатады. Қазір нақты қанша көлемде мұндай жұмыссыздық түрі барлығын ешкім тап басып айта алмайды.
    Сонымен бірге Қазақстан үшін жастар арасындағы жұмыссыздық ең бір бас ауыртар мәселе, елде оқымайтын және жұмыс жасамайтын жастар саны жалпы активті бөліктің сегізден бір бөлігін құрайды.
Ал әйелдер ең бір активті топ болып табылады, бірақта онда да жұмыссыздық бар және ол негізінен жасырын жұмыссыздық қатарына жатқызуға болады.

Жұмыссыздықпен күрес
    Қазір көптеген мекемелер әлдекашан ұмытылған проблема жұмыс кадрларының кажеттігіне ұшырады. Бұрын олар өте көп болса, казір олар әртүрлі салаға кетуіне, квалификациясы төмендеуіне байланысты өте аз. Ал бар жұмыс іздеушілердің квалификациясы жоқ немесе өте төмен. Сонда қоғам бір біріне қарама қарсы екі түрлі ауруға шалдығуы мүмкін:
1. кадр дефициті
2. жұмыссыздық.
   Университеттер, училишщелер, колледждер мен өндіріс орындарының тіл табысуы бұл мәселені шешуі мүмкін. Осы тұста мемлекетке осы секторды басқару үшін белгілі бір стратегия қажет.
1. жұмысшыларды мемлекеттен тыс әдіспен орналастыру, бұл әдіс негізінен натуралды шаруашылықтарға тән.
2. жұмыссыздық әсерін төмендету, бөл жерде жұмыс жасайтын сектор зардап шегеді, себебі жұмыссыздарға берілетін өтемақы салық есебінен алынады.
3. Жұмыс орындарын ашу. Бұған келісу қиын өйткені ол кедей елдерден имигранттар келуін көбейтпесе ашылған жұмыс орындарға жергілікті жұмыссыздардың бара қоюы екіталай.
    Жоғарыда аталған әдістерден басқа қоғамдық реттеу әдісі де бар. Ол коғамдағы басқа жұмыссыздыққа әсері бар факторлар:
1. білім беру
2. жұмыс табуға көмек т.б
Бұл факторларды қолдана отырып сыртқы жұмыс іздеп келушілер мәселесін де еске алған жөн

Жоғарыдағы айтылғандардан екі түрлі қорытынды шығады.
1. Бізде жұмыссыздық бар, ол мәселе шешім күтеді.
2. Жұмыссыздық қарама қайшылықтарға толы.
   Біздегі жұмыссыздық, жалпы алғанда жұмыссыздық жұмыс күштерін резервациялайтын қойма рөлін атқарады. Әртүрлі структуралық өзгерістерге ұшырау салдарынан пайда болған артық жұмыс күші, әрине, белгілі бір уақыттан кейін басқа салаларды меңгеру арқылы жұмыс табады. Бірақ ол үшін оларға мемлекет және қоғам тарапынан көмек қажет.
   Қарап отырсақ, біздегі жұмыссыздық екі түрлі қарама қайшылыққа кездеседі. Біріншісі кадр тапшылығы болса, екіншісі белгілі бір салаларда оның артықтығы. Осы мәселелер ең бір шешім қиын мәселелер, дегенмен, оны да жоғарыда айтылған үлкен қоғамдық өзгерістер шешеді.

Экономикалық өсу
Экономикалық өсу қоғамдық еңбек нәтижесін, оның өнегелік, рухани сипаттамаларын көрсетеді. Ол — экономикалық динамиканың көрсеткіші және қайнар көзі. Бұл экономикалық теорияның предметі мәселелерінің екінші жүйесі.
Экономикалық өсудің мақсаты — бұл адамдардың материалдық және рухани қажеттіктерін қамтамасыз ету, қоғам дамуының өнегелік негіздерін күшейту. Адамдардың білімі, дағды-тәжірибесі, қабілеті адамдаркапиталын құрайды. Бұл адамдардың болашақтағы өмір-жағдай дәрежесінің кепілі болып табылады.
Экономикалық өсудің негізгі мақсаты материалдық әл-ауқаттың жоғарлауы болып табылады, осының құрамына кіретіндер: Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі. бұл мақсатқа жетуді ұлттық табыстың жан басына шаққанда келетін өсу шапшандығы көрсетеді. Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің нақты жалпы ұлттық өнім немесе ұлттық табыс көрсеткіштерінде орын алмаған. Сондықтан, осы мақсатқа жету дәрежесін бағалағанда, байқалып отырған мерзімде жұмыс аптасы мен жұмыс жылы қысқарғанына, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің жалпы ұзақтығына назар аудары керек. Ұлттық табыстың халықтың әр топтараның арасында бөлінуін жақсарту. Шығарылған тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, түрлерін көбейту.
Экономикалық өсудің өлшеу тәсілдерін екі топқа бөлуге болады:
1. Нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) өсуі. Бұл әдіс экономикалық мүмкіншілігінің молаю шапшандығын бағалау үшін қолданылады.
2. Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) бір адамға шаққандағы өсуі. Халықтың әл-ауқатының дамуын талдағанда, немесе елдер мен аймақтардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады.
Қоғамдық өндірістің типіне байланысты, өнімнің өсу шапшандығы мен өндіріс факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан экономикалық өсу де бірнеше типке бөлінеді.
1. Интенсивті типі - техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін қолдануға тырысады. Экономикалық өсудің интенсивтік факторлары: қолданылатын ресурстар сапасының өсуі (жұмыс күшінің сапасын өсіру және заттық капиталдың сапасын жақсарту); ресурстарды пайдалану әдістерін жақсарту (технологияны жетілдіру, өндірісті және өткізуді ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру).
2. Экстенсивті типі – қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық өнімінің өсуі. Экономикалық өсудің экстенсивтік факторлары: жұмыс күшінің санының өсуі; капиталдың көлемі өсуі.
3. Аралас типі - факторлардың өсуімен қатар техникамен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі.
Экономикалық теорияда экономикалық өсудің сапасы деген ұғым әлеуметтік бағытталуының күшеюімен байланыстырылады, оның сипаттайтын келесі көрсеткіштер:
1. халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;
2. адамның бос уақытының көбеюі;
3. әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;
4. адам капиталына инвестицияны өсіру;
5. адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
6. жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау;
7. еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық қамтуды қолдау.
Экономикалық өсудің факторлары дегеніміз өндірістің нақты көлемін және оның тиімділігі мен сапасын арттыратын құбылыстар ықпалына мен процестер.
Тигізетін ықпалына қарай экономикалық өсудің факторлары жанама және тікелей факторларға бөлінеді.
Экономикалық өсудің факторлары:
Тікелей факторлар:
- Еңбек ресурстарының саны мен сапасының өсуі.
- Негізгі капитал көлемінің өсуі және сапалық құрамының жақсаруы.
- Өндірісті ұйымдастырумен қатар технологияның жетілдірілуі.
- Пайдаланатын табиғи ресурстардың саны мен сапалылығының артуы.
- Қоғамдағы кәсіпкерлік қабілетінің өсуі.
Жанама факторлар:
- Сұраныс факторлары – тұтыну, инвестициялық, мемлекеттік шығындардың өсуі.
- Ұсыныс факторлары – бәсекенің дамуы, ресурстардың бағасының төмендеуі, несие алу мүмкіншілігінің өсуі.
- Бөлу факторлары – қоғамдағы барлық ресурстарды тиімді пайдалану.