Сақтар
Толық мақаласы: Сақтар
Ежелгі тұрғындардың кең-байтақ жерлерді игеруі, Еуропа мен Азия далаларын мекендеген тайпаларда шарушылықтың жаңа түрінің экстенсивті мал шаруашылығының қалыптасу заманы б.з.б. 1-ші мыңжылдықтың алғашқы кезеңіне жатады. Сол заманның басында-ақ Қазақстан далаларында, шөлейт және таулы аудандарында жартылай көшпелі және көшпел мал шаруашылығы шаруашылықтың негізгі, ал кейіннен үстем формасына айналды. Бұл жағдай тайпаларды көшіп-қонып жүріп тұрмыс етуге бейімдейді; Тянь-Шаньның, Памирдің, Копетдагтың, Алтайдың баурайындағы тйпалар бұрын аз мекендеген аудандарды интенсивті түрде игеруге мүмкіндік алды. Көшпелі мал шаруашылығына ауысу далалар мен шөл далаларды мекендеген тайпалардың өміріндегі ірі экономикалық дамудың және қауымдық қоғамның өндіргіш күштерінің ілгері басқан қадамы болды. Шаруашылыққа мамандану бірте-бірте қалыптасып, мал басын көбейтіп, одан алынатын өнімді арттыруға кең мүмкіндік ашты. Артық өнімді қорландырып жинауға және оны иемденуге мүмкіндік туды. Мал және мал шаруашылығы өнімдері тез арада айырбас құнға ие болып, малшылар мен егіншілер арасында айырбастың дамуы үшін жағдайлар жасалды. Б.з.б. 1-ші мыңжылдықтың басында әсіресе жылқы шаруашылығы жедел дамыды. Қырды мекендеген адамдардың атты салтмінуге пайдалануы, атты жауынгердің пайда болуы жеке аудандардың мәдени-шаруашылық томаға-тұйықтығы бұзылып, көрші және алыс тайпалармен, халықтармен экономикалық және мәдени байланыс жасалуын қамтамасыз етті. Орта Азия мен Қазақстанның осы салт атты малшылары ежелгі парсы сына жазуында сақтар деген жалпы атаумен аталған. Ғылымда сақтардың шыққан тегі мен мәдениеті туралы мәселе күні бүгінге дейін шешілмеген. Зерттеушілердің көпшілігі Сақ тайпаларының шығу тегінің автохтонды екендігін дәлелдейді. Шаруашылықтың жаңа түріне (көшпелі тұрмысқа) көшу біршама қысқа мерзімнің ішінде, тегінде б.з.б. 9-8 ғасырларда іске асырылса керек.

Үйсіндер
Қаңлы
Ғұндар