http://cs402426.vk.me/v402426123/5b43/iERc9jVKhEA.jpg

Аяулы арулар, Сіздерді қазақ күнтізбесінен ойып тұрып орын алардай елеулі 8 наурыз мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Осы күнге дейін қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай мәпелеп келген аналарымызды құттықтай келе, аналарымызға ұзақ өмір, қажымас қайрат тілеймін. Біздің еркелігімізді көтеріп, қай кезде де болмасын жебеп жүретін қайсар аналарымыз аман болсын!
Жеткізді ұлды қызды әр санатқа,
Қанатын кетті жайып шартарапқа.
Біздер өссек, бәрі сіздің арқаңыз,
Мән беріп, әрбір минут, әр сағатқа.

Өмір деген үлкен жазықтық қой. Осы жазықтықтағы тарам-тарам жолдардың барлығы да ертелі-кеш теңіз түбіндегі асыл маржандай мөлдіреп жатқан махаббат деген ұлы сезімге алып келері бәрімізге аян.
Тағдыр қосып тапқаным,
Үмітімді ақтадың.
Сезімімнің мөлдірін
Саған ғана сақтадым- деп, сүйгендеріңіз мақтан тұтып айтып жүретіндей ұзақ та, баянды махаббат тілеймін. Әрқашан сұлулықтарыңыз ғасырға дейін жетіп, әлемді бақыт құшағына орап, жігіттер қауымының өміріне мейірім мен шапағат төгіп жүрулеріңізге тілектеспін.