https://im0-tub-kz.yandex.net/i?id=2ff8bc0f6b8d8451542652cc5f6d4e56&n=33&h=215&w=196

- Алдымен сіз өзіңіз жайлы қысқаша айта өтсеңіз?
- Толық аты-жөнім Қосқатбаев Еркін Текейұлы. 1994 жылы 15-ші шілде де Ақтау қаласында дүниеге келдім. Ақтау қаласындағы №12-ші орта мектепте 11-ші сыныпта оқимын.
- "Alash Hip-Hop Battle” 2010 интернет сайысына қатысқаныңызға ризасызба?
- Иә.. Әрине.
- Бұл сайыста қандай оқиғалар болды есте қаларлықтай?
- Жартылай финалда өзімнің жақын бауырым Адайды қарсылас қылып қойған. Адай сайыстың трэгін тапсырмай маған жол бергені есімде қалды. Қанша жеңіске жеткісі келседе жолын берген маған.
- Қалай ойлайсыз сайыс әділ өттіме?
- Иә әрине әділ өтті.
- "Alash Hip-Hop Battle” 2010 интернет сайысының бірінші бөлімінде сіз Mc S деген бір қатысушымен қарсылас болыпсыз. Қазылар-алқасы екеуіңізді бірдей екінші бөлімге жіберді? Соны сіз қалай қабылдадыңыз?
- Ондай ещқандай қорқыныш, қиналыс болған жоқ. Тек бастысы келесі кезеңге өткеніме қуанышты болдым.
- Сонда келесі кезеңге қарсыласыңызбен бірге өткізгені, сізге ешқандай үрей туғызғаны жоқпа?
- Жоқ. Қарсыласымда өзімнің жақсы таныс балам болған. Керсінше бірге өткенімізге қуандым (күлді).
- Тағыда бір қызықты оқиға, сайыстың жартылай финалында сіздің қарсыласыңыз Адай өзінің сізге деген қарсылас трэгін жібермеді. Соны біз қалай түсінсек болады? Әлде сіз күштеп қорқыттыңызба? (әзіл).
- (күлді) Қой жоқ, ондай ойда болған жоқ. Мені қалай сылайтынын білдірткенғой.
- Сөздеріңізге қарағанда сізбен қарсыласқа түскендер, сіздің жақын қарым-қатынастағы дос жігіттеріңізба?
- Иә, көбісі жақын достарым болды.
- Жақын доспен қарсыласып, жарысқа түсу сіз үшін қиынға түстіме? Бұндай ойлар сіздің ойыңызда болдыма, сайысқа қатыспас бұрын?
- Қиын болған жоқ. Сайыстың аты сайысқой. Біреулер жеңеді, біреулер жеңіледі. Ондай ой болған жоқ. Себебі бұрында ондай жағдай көп болған.
- Сіз "Alash Hip-Hop Battle” 2010 интернет сайысының екінші орын иегері боламын деп ойладыңызба? Алде бұданда көпті күттіңізбе?
- Әрине, сайысқа қатысқасын, жайдан-жай қатыса бермейдіғой ешкім. Жеңіс үшін қатысқанмын. Бір-ақ екінші орын алдым. Оған мен өкініп отырғаным жоқ, оғанда қуаныштымын.
- Сізге жеңімпаз атануға, өкініштісі 15-16 балл жетпей қалыпты. Қазылар-алқасы әділ баға қойды деп ойлайсызба?
- Иә, әділ болды деп ойлаймын. Оған ешқандай қарсылығым жоқ.
- Келесі сайыс болып жатса қатысар едіңізба?
- Иә, қатысам. Енді жеңіске жетуге тырысамын.
- Олай болса сізге сәттілік.
- Рахмет.
- Сізге сайыс ұнадыма?
- Иә, ұнады.
- Өмірде сіз үшін не қымбат?
- Армандарым қымбат. Себебі, армандарымның ішіне бәріде кіреді.
- Сіз, осы жылы «Алаш» production ұйымдастырған, «Жас Жалын» атты жас рэпперлер фестиваліне қатысыпсыз, сізге алғаш өткізілген фестиваль ұнадыма?
- Иә, ұнады.
- Неліктен сіздің есіміңіз Erkin Eagle? Сіз өзіңізді бүркітке теңейсізба?
- (күлді) Басында ініммен бірге "EAgle" тобы болған едік. Басты әріптері «ЕА» Еркін, Айзат деген ұғым беретін. Содан соң қазір, Erkin_Eagle атанып кеткенмін. Қазір оның әр түрлі мағынасы бар. «Свободный Орёл»-деп айтып жататындар да бар.
- Фестиваль уақытында және дайындық мерзімінде қызықты оқиғалар болдыма? Егер болса айта кетсеңіз?
- Білмедім, есімде ешқандай қызықты оқиғалар қалғаны жоқ.
- «Алаш» production ұйымдастырып жатқан іс шараларына, сіздің көз қарасыңыз қандай?
- Жігіттер өздерінің дегенін жасап жатыр. Маған ұнайды әйтеуір.
- Егерде сізді Қазақстан Республикасының, әр-түрлі хип-хоп ұйымдары шақыртып жатса, сіз қайсына барып қосылар едіңіз?
- Қазақстанда ондай дамыған жақсы хип-хоп ұйымы әзірге жоқ. Ал, жоқ болса кім шақырады?
- Сіз үшін Қазақстанда мақтан тұтар рэппер кім?
- Мақтан тұтар рэппер көп негізінде. Бір-ақ маған көбіне Kadem-нің шығармашылықтары ұнайды. Өзімде рэпті бастағанда, осы стиль дейдіғой, сол стилді Kadem-нің стиліне ұқсатқым келіп, содан мен әндерін тыңдап, үйренген едім.
- Сіз үшін Kadem-нің басқа қандай жақсы жақтары ұнайды? Рэп стилінен басқа.
- Қарапайым бала. Өзге рэпперлер секілді көп жұлдызданбайды. Әрдайым көмегін беруге дайын.
- Қазақша рэпте боқты сөздерді қолдану дұрыс деп ойлайсызба?
- Жалпы әркім әртүрлі ойлайды. Біреулер дұрыс, біреулер бұрыс деп жатады. Ал мен үшін бірі-бір.
- Ал сіз боқты сөздерді қолданған трэктеріңіз барма?
- Иә, бар (күлді).
- Боқты сөздерді көбінесе, қандай жағдайда қолданып айтасыңыз?
- Басқа рэпперлермен келіспей қалған кездерде айтқаным бар.
- Жастарға қазақ тілді насихаттау үшін, рэп жолымен насихаттау дұрыс деп ойлайсызба?
- Иә, әрине дұрыс деп ойлаймын.
- Сізге сиқыршы келіп бар арманыңды орындаймын десе, қандай тілек тілер едіңіз?
- Білмеймін, олай армандарымды біреу орындап беремін десе (күлді), жәнеде сиқыршы келіп айтып тұрса, маған ұнамас еді. Армандарыма өзім жеткенімді қалаймын. Біреудің көмегімен емес.
- Армандарыңызға жете беріңіз. Алда қандай мақсатыңыз бар?
- Алда ҰБТ бар. Әзірше алға қойған мақсатым сол.
- Байқасақ сіздің клиптеріңіз жоқ секілді, сол клип түсіру ойыңызда жоқпа?
- (күлді) Жалпы ойлар бар. Бір-ақ бәрін ҰБТ-дан соң көре жатармыз.
- Сізге үлкен алғыс, сұрақтарымызға толықтай жауап бергеніңізге. Осы сайттың оқырмандарына және аталмыш жобаны ұйымдастырып отырған «Алаш» ұжымына қандай тілегіңіз бар?
- Иә, сізгеде рахмет. Табыс тілей отыра, алдағы уақытта бізді жақсы жобалармен қуанта берсін дегім келеді, және келе жатқан жаңа жылдарыңызбен.
- Сіздің де жаңа жылдарыңызбен! Жаңа жылда, жаңа жаңалықтар көрейік.