Kladovka

Кладовка

Информация о пользователе

Привет, Гость! Войдите или зарегистрируйтесь.


Вы здесь » Кладовка » Учеба/Сабақ » БАТЫР- ЕЛ ҚОРҒАНЫ


БАТЫР- ЕЛ ҚОРҒАНЫ

Сообщений 1 страница 4 из 4

1

Қазақ елінің бұрын-ғы тарихында өз халқының жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған, елінің де, жерінің де тұтастығы үшін күрескен хас батырлар аз болмаған. Мұндай тұлғалар біздің өңірімізде де жеткілікті. Солардың бірі – Барақ және оның баласы Асау батырлар. Өмір кешкендеріне бірнеше ғасыр өтіп кетсе де халқымыз олардың есімдерін ұмытпай, ауыздан ауызға жалғап,  аңызға айналдырып, атадан-балаға, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келеді. Олардың ерлік істері жайында жыр-дастандар дүниеге келіп, ол көпшілік арасында (сирек те болса) әлі күнге айтылып жүр.

Ел қорғаған ер Барақ
Ел Тәуелсіздігіне қол жеткізіп, еліміз бен жерімізді найзаның ұшымен білектің күшімен қорғаған батыр бабаларымыздың рухы айшықталып
жатқан тұста Барақ батырдың бейнесін халық жадында жаңғырту үшін алғаш қолына қалам алғандардың бірі белгілі қоғам қайраткері жазушы Смағұл Елубай болды. Ел тарихына сана көзімен ой жіберіп, білім, ғылым жолымен із кесіп, өткен заман өлкелерін зерттей, зерделей жүріп Барақ Сатыпалды-ұлы жайлы тарихи деректерге толы мақалаларын республикалық «Қазақ әдебиеті», облыстық «Ақ-төбе» басылымдарында жариялады. Оның газет бетінде берген деректері Ақтө-бе, Атырау, Орал, Маңғыстау облыстары мен Қарақалпақстанда тұратын Барақ бабамызды сыйлап, құрмет тұтатын елге мол мағлұмат бере алды деуге болады.
Қазақ тарихында аттас тұлғалар өте көп болған. Оның ішінде ел қорғаған батырлардың да есімдері қайталанып келетіндері көп. Бұл сөзіміз Барақ батырға да қатысты. Қазақ тарихында ерлігімен көзге түсіп, елін қорғаған Барақ есімді 7-8 батырдың бар екені жазылып жүр. 1991 жылдың 16 мамырда
«Ақтөбе» газетінде жария-ланған Смағұл Елубайдың «Жетінші Барақ – ер Барақ» деген мақаласында «Барақ батырдың туғанына 1992 жылы 240 жыл толып қалады...» деген ой топшылаған. Жазушының осы толғанысы елеулі ізденіске түсірді. Араб әліпбиінен хабары барлар Барақтың құлыптасындағы жазуларды оқып, оның туғанына 1993 жылы 250 жыл толатындығын айқындап берді. Бұдан кейін ел ішіндегі мәліметтер жинақталып, Барақты өздерінше зерттеп, оның 250 жылдық мерекесіне үлес қосқысы келген талапкерлер көбейді. Осындай игі бастаманың нәтижесінде Барақ батырдың туғанына 250 жыл толу мерейтойы Байғанин ауданында және оның мәңгілік тыныс тап-қан мекені Сам жерінде 1993 жылы атап өтілді.
Ақтөбе облысы Байғанин ауданына қарайтын Сам жері Барақ ата қонысы болған. 1960 жылға дейін Байғанин ауданына қараған бұл жер кейін
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданына берілді. Екі ауданның тұрғындары да, тіпті Қазақстанның басқа да жерлерінен атына қанық халық атаға сыйынып келіп жатады. Олар Барақты батыр ретінде танып, әулие ретінде сыйынады, тілек тілейді. Сам өлкесі сол аймақтағы ел үшін батырдың табаны тиген топырағы үшін аса киелі де құрметті.           
Батыр рухына бағыштал-ған үлкен жұмыстар атқарылды. Барақ батыр мен оның баласы Асау батырдың жатқан жері Самда кесене орнатып ас берілді. Әңгіме мерейтойдың аталып өтілуінде емес, әңгіме тарихта ізі қалған ұлы бабаларымыздың өнелегі істерін, елін, жерін сүйген шынайы патриоттық қасиеттерін бүгінгі өсіп келе жатқан жас ұрпақтың санасына сіңіруде екенін ескергеніміз жөн.

«Асау - Барақ» дастаны
Барақ бабамыздың өмір сүрген уақыты біздің заманымыздан тым әрірек. Оның бейнесі, іс-әрекеті, адамдармен қарым-қатынасы сол заманнан қалған аңыз әңгімелер арқылы ғана еміс-еміс белгілі. Көп жәйттер белгісіз. Тіпті осындай ұлт мақтанышына айналған ұлы тұлғалардың өміріне қатысты құнды дерек көздерінің әдейі жойылып кетуі де әбден мүмкін.
Кеңестік дәуірде батырлық, ғашықтық жыр-дастандар ішінара жиналып, әдеби-танымдық айналым-ға енгізілгенімен, олардың кейбір түрлеріне атап айтқанда, кейбір тарихи және діни сарындағы дүниелерге аса сақтықпен қарап, дәйекті насихатталмауы кесірінен зерттелмей сол күйінде қалды.   
Тұтас халықтың абырой, беделі болған, дарабоз батырлардың билер мен ақындардың, аруақты тұлғалардың есімдерін бүркемелеп, оны санадан сызуға, ұмыттыруға күш салғаны белгілі. Бірақ халықтың ішкі рухын ешкім өлтіре алған жоқ. Ол бүгінгі күнге жетті. Әруақты, арқа-лы халық батырларының есімін ұрпағының құлағына құйып, санасына сіңірді. Сондай жыр-дастандардың қатарына «Асау - Барақ» тарихи дастанын жатқызуға болады. Жырдың ұзын-ырғасы 2500 жолдан аспайды. Қарақалпақстандық қазақ ақыны Тілеумағанбет Аманжолұлының туындысы болып есептелетін бұл дастан халқы үшін туған ер перзенті Барақ батырға өлең сөзбен қойылған ескерткіштей болғаны рас. Жырда Барақ батырдың қалмақтың Ала Көбік, Қатты Сыбан батырларын жекпе-жек шайқаста жеңіп, көзге түскенін, баласы Асаудың да батырлық, ерлік істерін дәріптейді.
Тілеумағанбет Аман-жолұлының шығармашылығы соның ішінде «Асау -Барақ» дастаны баспа бетін көрмеуі, зерттеушілердің көзіне «түспей» келуі Барақтың Сырым Датұлының қозғалысын қолдауымен қатысты екені белгілі еді. Ондағы кейбір жолдардың сол кездегі «қызыл» саясатқа ұнамайтыны тағы бар. Әйтсе де кейінгі өз тарихымызды түгендеп жатқан соңғы 20 жылда бұл еңбекке қол соз-ған адамның болмауы тағы ойланарлық жайт. 

БЕТІН БАЛШЫҚ БАСҚАН ТАС БЕЛГІ КІМГЕ КЕРЕК?   
Барақ – бір топтың не бір рудың батыры емес. Ол – бүкіл қазаққа ортақ халық батыры. Әкелі-балалы батырлар азаттық байрағын биік ұстап, елдің бостандығы, жердің азаттығы үшін өзінен күші бірнеше есе көп жоғары жоңғар, еділ қалмақтарының шабуылын тойтарып, басқыншыларды жерімізден түре қуып шыққан азулы ер, айтулы қолбасшы болған.
Осындай батыр бабамыздың есімі бүгінгі ұрпаққа лайықты ұлықталып жүр ме? Бұл осы тақырыптың басы ашық мәселесі екені рас. Батырдың мерейтойында ас беріп, басына күмбез орнатумен ештеңе шешілмейтіні белгілі.
Ақтөбе қаласындағы бір көше батырлардың есімімен аталды. Автобекеттің жанындағы Асау-Барақ көшесінің Ломоносов көшесімен қиылысар тұсына әкелі-балалы батырларға ескерткіш тақта қойылды. Көшенің атын айшықтап тұратын бұл белгі керек те шығар, бірақ тасқа бедерленіп бейнеленген батыр бабаларымыздың бейнесі көктем мен күзде балшықтан, жазда ақ шаңнан көрінбейді. Жерден 1 метр ғана биіктік-те тұрған бұл белгіні тек әйтеуір қоя салғанға ұқсайды. Оның қасында шараптың жарнамалары жарқырап тұрады.
Тоғыз жолдың торабы болған соң ол жерге үлкен де, бала да жақын барып қарай алмайды. Балшық пен кірден бет-ажары еш көрінбей тұрған бабаларымыздың «алдына» барғанда жерге кірердей ұялдым. Ол белгі тастың оларға қажеті жоқ, ол керек болса өзімізге керек. Егер батыр бабаларымыздың есімін ел есінде лайықты түрде қалдырғымыз келсе бұл іске басқаша қарайтын кез келген секілді.               

Барақ Сатыбалдыұлы (1743-1840) батыр, Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық қозғалысы басшыларының бірі. Кіші жүздің Жетіру тайпасының Табын руынан шыққан. Үстірттің Сам құмында дүниеге келген.
Барақтың батыр атағы 18 жасында торғауыт батыры Ала Көбікті жекпе-жекте жеңгеннен кейін шыққан.
XVIII ғасырдың 70-жылдарына дейін шөмішті-табын қолын бастап, Еділ мен Жайық арасында қалмақтармен соғысқан. 1785-1792 жылдар аралығында Сырым Датұлы бастаған Ресей отаршылдығына қарсы күрес басшыларының қатарында болған.
Сырымның жақын серігі Барақ батыр үш мыңдық жасағымен Орынбор шебіндегі қамал-бекіністер бойында және қазақ даласына жіберілген патша үкіметінің жазалаушы отрядтарымен кескілескен шайқастар жүргізген. Орал әскери рапортында Барақ батырдың екі мың жасағы үкімет әскеріне қарсы тұрғаны жазылған. Барақ батырдың әскери күші туралы барон О.Игельстромның император Екатерина ІІ-ге жазған хатында айтылады. Барақ батырдың тегеуірінді қарсылық әрекеттері орыс отаршыларының зорлық-зомбылығын шектеп, Жайықтың оң жағалауындағы қазақ жерлерін сақтап қалуға септігін тигізді. Ол Батыс Қазақстанның отарлануын тежеп, әскери бекініс-тердің көптеп салынуына жол бермеген.
Барақ Сатыбалдыұлының ұлы Асау мен немересі Дәуіт те атақты батырлар болған. Барақ батыр мен Асау батыр Сам құмында Тұрыш ауылынан оңтүстікке қарай 15 шақырым жерде жерленген. 1993 жылы Барақ батырдың бейітіне күмбезді кесене тұрғызылған.

0

2

барак ол ким?

0

3

ер Барақ

0

4

ол батыр мәліметте жазылып тұр

0

Быстрый ответ

Напишите ваше сообщение и нажмите «Отправить»


заказать баннерную рекламу


Вы здесь » Кладовка » Учеба/Сабақ » БАТЫР- ЕЛ ҚОРҒАНЫ


Добро пожаловать на наш форум!!

Создай свой чат!

audio