)Мойын ,cervix, артқы, латеральды, төс-бұғана-емізікті бұлшықет аймағы ж/е алдыңғы деп 4 аймаққа бөледі.

Артқы аймақ, regio cervicalis posterior, m. trapezius-тің сыртқы жиегін артында орналасқан, желке мен шүйде,nucha болып бөлінеді.

Латеральды аймақ, regio cervicalis lateralis, m.sternocledomastoideus-тің артында орналасқан ж/е оны алдыңғы жағынан аталған бұлшықет, астыңғы жағынан бұғана ж/е артқы жағынан m. trapezius шектейді. 2 үшбұрышты бөледі: 1. Жауырын-бұғана үшбұрышы, trigonum omoclaviculare, оны m.sternocledomastoideus(алдынан), m.omohyoideus-тің төменгі қарыншасы(артынан), ж/е бұғана(астынан) шектейді. 2. Жауырын-трапеция үшбұрышы, trigonum omotrapezoideum, оны m.omohyoideus-тің төменгі қарыншасы, m. trapezius ж/е m.sternocledomastoideus құрайды.

Алдыңғы аймақ, regio cervicalis anterior, m.sternocledomastoideus-тің алдында жатады, артқы жағынан аталған бұлшықетпен, алдынан мойынның ортаңғы сызығымен ж/е үстіңгі жағынан төменгі жақсүйектің жиегімен шектелген. 3 үшбұрышты бөледі: 1. Ұйқы үшб., trigonum caroticum, (онда a. carotis өтеді),оны m.sternocledomastoideus (артынан), m.digastricus-тің артқы қарыншасы (алдынан ж/е үстінен) ж/е m.omohyoideus-тің жоғарғы қарыншасы (алдынан ж/е астынан) түзілді.

2. Төменгі жақсүйекасты үшб., trigonum submandibulare, mandibulare-нің төменгі жиегінен ж/е ), m.digastricus-тің екі қарыншасынан түзілген. Онда практикалық мақсатта m.mylohyoideus артқы жиегі (алдынан) m.digastricus-тің артқы қарыншасы (артынан) ж/е m.hypoglossus (үстінен) шектеген Пирогов үшбұрышы бөлінеді. Онда a.lingualis өтеді.

3.Жауырын-кеңірдек үшбұрышы, trigonum omotracheale-ні түзетіндер: m.omohyoideus жоғарғы құрсағы, мойынның ортаңғы сызығы ж/е m.sternocledomastoideus.