Іштің тік бұлшықеті-m.rectus abdominis,дәнекер тканды қынабтың-vagina m.abdominis,ішінде орналасқан.Тік бұлшық еттің қынабы іштің жалпақ 3 бұлшық еттерінің апоневроздарынан құралған. Қынаптың алдыңғы және артқы қабырғалары ажыратылады.

1.Тік бұлшық еттің қынабының кіндіктен жоғары деңгейінің құрылысы – алдыңғы қабырғасы-aponeurosous m.obliquus int.сыртқы қиғаш бұлшық еттің апоневроздық қабықшасы, алдыңғы табақшасынан-lamina ant., тұрады. Артқы қабырғасы – ішкі қиғаш бұлшық ет апоневрозының артқы табақшасы-aponurosus m.obliqui int., мен көлденең бұлшық еттіғ апоневрозының-aponeurosus m.transversus abdominis, оның фасциялық қабықшасынан-fascia transversalis, және бұл бұлшық еттің құрсақ қуысы жағынан көмкерілген ішастардан-peritoneum, тұрады.

2.Тік бұлшық ет қынабының кіндіктен төмен деңгейінің құрылысы – алдыңғы қабырғасы-сыртқы, ішкі және көлденең бұлшық еттердің апоневрозынан-aponeurosusm.obliqus externi abdominis et interni abdominis et m.transversus abdominis, тұрады. Артқы қабырғасы – құрсақтың көлденең бұлшық етінің фасциялық қабықшасынан-fascia transversus, ішастардан –peritoneum тұрады.